Үкімет басшысы Б.Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды



ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен бүгін Алматы облысында болып, Президент Жолдауын іске асыру барысымен танысты. Елбасы тапсырмасы бойынша аграрлық аймаққа арнайы барған Үкімет басшысы жұртшылықпен және өңір кәсіпкерлерімен кездесті. Қант қызылшасы егілетін алқаптарды аралады. «Талдықорған» индустриалды аймағындағы жаңа кәсіпорындар жұмысын бағамдады.


Үкімет басшысы Талдықорғанда жұртшылықпен кездесті. Әңгіме Елбасының Жолдауы жайында өрбіді. Қазақстанның үшінші Жаңғыруы бұл тек материалдық-техникалық жағдайларға байланысты емес, ол адами құндылықтарға, білімге, кәсіп игеруге, яғни ізденіс пен ілгерілеу принцптеріне байланысты. Азаматтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін Үкімет қазірдің өзінде сервистік экономиканы дамыту бойынша шаралар кешенін жүзеге асыра бастады. Елбасының тапсырмасы бойынша өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, сонымен қатар жұмыссыз жастар үшін тегін кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламасы қабылданды. Кадр дайындауға көп көңіл бөлу керек. Кәсіпкерлермен кездесуде инвест-ахуал жайында жан-жақты сөз болды.

Өңірдегі басты дақылдың бірі – қант қызылшасы. Қазір облыс бойынша 9 мың гектарға егіледі.  Ескелді ауданындағы Герман Намның шаруа қожалығы бұдан екі жыл бұрын небәрі 25 гектарға қант қызылшасын еккен. Бүгінде оның көлемін 10 есе арттырған. «Өйткені қызылша егу – табысқа кенелу», - дейді ол.


Герман Нам, шаруа қожалығының басшысы:

 - Мемлекет тұқымға және пестицидтерге жұмсалатын шығындарымызды 50 пайызға дейін азайтып отыр. Бұл біз үшін үлкен көмек. Биыл жинаған өніміміздің әр тоннасы үшін 17 мың теңге алатын болдық. Бұған да қуанып отырмыз.

Қант қызылшасын өсіруді қайта жаңғырту өте маңызды стратегиялық мәселе. Оның елдегі азық-түлік қауіпсіздігіне тигізетін әсері бар. Бұл дақыл көп егілетін болса, дүкен сөрелеріндегі отандық қанттың үлесі артады. Тағы бір қадап айтқаны – тозып кеткен ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру. Үкімет басшысы өңірдегі өндірістік сектордың даму барысымен де танысты. «Талдықорған» индустриялдық аймағында болды. Аймақты газдандыру жұмыстарымен танысты. 


Авторлары: Тілеуқабыл Мыңжасар, Қуаныш Түргенбаев, Олжас Байбосынов
Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sayasat/item/174851-zh-mys-saparymen-almaty-oblysyna-bardy
www.24.kz

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Үкімет басшысы Б.Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды
Тұрақты сілтеме: /A_saiasat/2017-04-25/561.html