Қазақстан және Бельгия Парламент депутаттары Брюссельде пікір алмасты



Қазақстан Парламенті Сенаты мен Мәжіліс депутаттары Брюссельге жұмыс сапары барысында Бельгия Парламентіндегі әріптестерімен кездесті. Еліміздің делегациясын Парламент Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев басқарып барған. Басқосуда екіжақты саясат, инвестиция, сауда, экономика және қаупсіздіқ салаларындағы ынтымақтастықты дамыту туралы мәселелер талқыланды. Бельгиялық депутаттар Қазақстанның халықаралық аренадағы ролін жоғары бағалады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты:

 - Жалпы енді Бельгия инвестиция жағынан Қазақстанда бесінші орында екен, шетелдік инвестицияның келуінің көлеміне байланысты. Сондықтан енді осы мәселелерді сонымен қатар Парламенттегі қарым- қатынастар дамыту мәселесің, сосын мына терроризм бар, басқа мәселелерге байланысты сол енді күшті біріктіру мәселесімен бүгін енді талқылап отырмыз. Сонымен қатар енді зан шығару жүмысына байланысты енді тәжірибе алмасу мәселесі да көтеріліп жатыр.

Алан Дестекс, Бельгия Парламентінің депутаты: 

- Біз екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыладық. Саяси және экономикалық серіктестігіміз жақсы деңгейде және одан әрі дамып келеді. Біз сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру жолдары туралы, және терроризм және экстремизммен күресте де ынтымақтастықты арттыру бағытында пікір алыстық.


Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sayasat/item/175160-parlament-deputattary-bryusselde-pikir-almasty
www.24.kz

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Қазақстан және Бельгия Парламент депутаттары Брюссельде пікір алмасты
Тұрақты сілтеме: /A_saiasat/2017-04-25/559.html