Жазушы Қуат Қиықбай студенттермен кездесті

ЖАЗУШЫ ҚУАТ ҚИЫҚБАЙ СТУДЕНТТЕР КЕЗДЕСТІ

q3.JPG

Семей қалалық көп салалы колледж ұстаздаы мен студенттерінің бастамасымен Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері, республикалық «Аңсар 2014», «Үркер Үміт» проза байқауларының Бас жүлдегері, «Көктемдегі көлеңке»,  «Бейуақыт» кітаптарының авторы, жазушы, Қуат Қиықбаймен кездесу кеші болып өтті. Кездесу кеші жазушының биылғы жылы Мәдениет және спорт минстрлігінің мемлекеттік бағдарламасы арқылы 5500 таралыммен жарық көріп, 2017 жылдың 8 желтоқсан күні Семей қаласы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен тұсауы кесілген «Бейуақыт» кітабына арналды.

Студенттер қаламгердің бұған дейін жарық көрген шымыр шығармалары хақында сұрақтарын жолдап, отырыс барысы сыр-сұхбат есебінде өрбіді. «Аругүл», «Жынды», «Түнек түндегі бейне», «Ералығы жазығы», «Тоты құс» сияқты шығармалар туралы кеңінен сөз қозғалып, оқытушылар мен студенттер өз ойларын ортаға салып, жазушының әңгімелері мен ойларын талқылады.

Қ. Қиықбайдың әңгімелері мен өлең-жырлары 2008 жылдан республикалық, облыстық, қалалық мерзімді басылымдарда жарық көріп келеді. Ең алғашқы өлеңі 2008 жылы республикаға тарайтын «Ертіс өңірі», алғашқы жазылған «Қапас» әңгімесі облыстық «Семей таңы» газеттерінде жарық көрген. 2010 жылдан бастап қоғамдық жұмысқа араласып, жыр мүшәйралары мен проза байқауларының жүлдегері атанып жүр. Ол тек прозалық шығармаларға ғана емес, драмалық шығармаларды да дүниеге әкелген. 2014 жылы «Мазасыз маусым», Сәкен Сейфуллинің 120 жылдығына арналған «Сәкеннің соңғы сөзі» пьесалары Семей сахналарында көрерменге жол тартқан жастар арасында кеңінен танымал жас қаламгерлердің бірі.

Кеш соңында автор өз шығармаларының жазылу тарихына тоқталып, адамзат баласының өмірдегі басты құндылықтары туралы да аз-кем әңгіме өрбітіп, шабыттанып өлең оқыды.

q1.JPG

Жасұлан АЙТЕНОВ

Қабылан ақпараттық порталы


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Жазушы Қуат Қиықбай студенттермен кездесті
Тұрақты сілтеме: /A_news/2018-01-03/996.html