Джеки Чан Қазақстанда фильм түсірмек


“Қазақстан” телерадио корпорациясының басқарма төрағасы Ерлан Қарин әйгілі актер Джеки Чанның Қазақстанда фильм түсіруі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол Инстаграмдағы парақшасында жазды. Қазіргі кезде Қытайда жүрген Ерлан Қарин актердің өзімен кездесіп, әңгімелескен.

Еске салсақ, маусым айында актер Қазақстанға келген сапары кезінде біздің елімізде кино түсіргісі келетінін жария еткен болатын. Енді осы әңгіме шындыққа айналатынға ұқсайды.

“Астанаға келіп-кеткен соң Джеки Қазақстанда кино түсіру туралы ойына одан сайын беки түскен. Тіпті бір ойлап жүрген идеясын да айтып берді. Сосын біздің елге келген кездегі әсерімен де бөлісті. Астананың әдемілігіне, қазақстандықтардың қонақжайлылығыга, өзінің шығармашылығын құрметтеушілерге тәнті болғанын жасырмады”, – деп жазады Ерлан Қарин.


 Stan.kz/

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Джеки Чан Қазақстанда фильм түсірмек
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-08-24/903.html