2021 жылға қарай Қазақстан қой етінің экспортын арттырады

2021 жылға қарай қой етінің экспортын 10 мың тоннаға жеткізу жоспарда бар. 

Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары мәлімдеді. Төлеутай Рақымбековтың айтуынша, өткен жылы 191 тонна отандық өнім шетел нарығында саудаланған. Жалпы, елімізде жылына шамамен 150 мың тонна қой еті өндіріледі. Ал қазақстандықтар 110 мың тонна қой етін тұтынады. Демек шаруалар жылына 30,40 пайыз өнімді артығымен орындап отыр. Мамандардың болжамынша, осы артылып қалатын 30,40 мың тонна қой етін шетел нарығына шығаруға мүмкіндік мол. 

Төлеутай Рақымбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары: 

- Біздің экспорттық әлеуетіміз зор. Қазірдің өзінде Араб әмірліктері мен Кувейтке қой етін тасымалдай аламыз. Сондай-ақ Израильмен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Өйткені, Израиль тарапы қазақстандық өнімге қызығушылық танытып отыр.


Дерккөз: Www.24.Kz


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » 2021 жылға қарай Қазақстан қой етінің экспортын арттырады
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-06-01/735.html