Елімізде азық-түлік өндірісі 5,7%-ға артты

Жыл басталғалы ауылшаруашылық өнімдері – 2%-ға, ал тамақ өндірісі 5,7%-ға артты. 

Бүгін агроөнеркәсіптік кешен бағдарламасы талқыланған Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов осылай деді. Қазір министрлік субсидиялау тәртібін өзгертіп, тиімсіз тұстарын алып тастады. Сондай-ақ биыл мемлекеттік бағдарлама аясында 326 кооператив құрылуы керек болған. Бұл көрсеткішті 460-қа жеткізу жоспары бар. Жалпы, елімізде қазір 280-нен аса кооператив жұмыс істеп тұр.  

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары: 

- Мал шаруашылығының субсидиялау талаптары өзгерді. Мәселен, бұрын сиыр етін өндіретін 175 шаруаға субсидия берілсе, қазір барлық 532 қожалыққа бөлінеді. Сондай-ақ кооперативтер құру бойынша да оң өзгерістер байқалады. Бірақ барлығы бірдей талапқа сай келе бермейді. Мұндай кооперативтерді талапқа сәйкестендірудің тиісті жоспары түзіліп, әкімдіктерге жолданды. 

Иван Сауэр, «Родина» агрофиомасы» ЖШС бас директоры: 

- Өзгерістердің арқасында біз өндірісті әртараптандыру бағытында жүйелі жұмысқа кірістік. Қазір май дақылдары алқаптарының ұлғайып жатқаны бекер емес. Бұл – мемлекеттік қолдау тетіктері дұрыс жұмыс істеп жатқандығының айқын көрінісі. Біздің субсидиялаудағы өзгерістерге көңіліміз толады. Алғысымыз шексіз. 


Дерккөз: Www.24.Kz

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Елімізде азық-түлік өндірісі 5,7%-ға артты
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-06-01/734.html