АҚШ әлемдегі ең үлкен телескопты сынақтан өткізеді

Ғарышқа ұшырылатын алып телескопты құрастырып шығарған НАСА агенттігі аппаратты сынақтан өткізуге дайындалып жатыр. 

Мамандардың айтуынша, айнасының диаметрі – 6 жарым метр. Бұл дүние жүзіндегі ең үлкен телескоп. Өйткені қазір орбитада ұшып жүрген «Хабблдың» көлемі одан екі есе кіші болады. АҚШ оны ғарышқа келер жылдың қазан айында Француз Гвианасындағы Куру айлағынан аттандырмақ. Оған дейін мамандар аппаратқа әсер ететін түрлі факторларды тексеріп, сынақ жүргізіп көреді. Ал ғалымдар «Джеймс Уэбб» телескопы арқылы галактикадағы жұлдыздар мен планеталардың қалыптасуы туралы тың мәліметтер жинауды көздейді.


Дерккөз: Www.24.Kz


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » АҚШ әлемдегі ең үлкен телескопты сынақтан өткізеді
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-18/704.html