Әлем жұртшылығы Халықаралық отбасы күнін атап өтті

Ол 1993 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының қарарымен жария етілген. 

Осы ретте жыл сайын саламатты өмір салты гендерлік теңсіздік және балалар құқығы, көші-қон салдары, әлеуметтік оқшаулық секілді мәселелер көтеріліп отырады. Биылғы мереке «Отбасы, білім беру және әл-ауқат» тақырыбына арналған. Осыған орай әлемнің түрлі елдерінде мерекелік шаралар, қайырымдылық акциялары мен тренингтер өткізілді. Ал БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі жұмысбасты ата-ананың жағымды үлгісіне көп көңіл бөлуге шақырады. Осы ретте халқыралық қауымдастық өкілдері қызметі мен отбасын қатар алып жүрген ата-аналарға қолдау көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдардың орны бөлек екенін айтып отыр.   


Дерккөз: Www.24.Kz

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Әлем жұртшылығы Халықаралық отбасы күнін атап өтті
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-16/687.html