Facebook әлеуметтік желісінің әр жылдардағы дамуы

Әлемдегі танымалдығы жағынан, тіркелген қолданушылары жағынан, номері бірінші әлеуметтік желі Facebook екендігін көбіміз білеміз, ал осы желінің тарихына бір сәт суреттер арқылы үңіліп көрейік.

Желінің негізін қалаған Америкалық Гарвард университетінің студенті Марк Цукерберг

fss.JPG


Ол алғашында тек Гарвард университетінің студенттеріне арналып 2004 жылы 2 айдың 4 күні ашылды, әрі ол кезде thefacebook деген атпен іске қосылды, бұл алғаш іске қосылған кездегі көрінісі;

7b58ff32.jpg

Ал мынау әлі де thefacebook атауын алып жүрген 2005 жылғы көрінісі.

2d985b82.jpg

2005 жыл, ол кезде Facebook жәй ғана, ортақ тақырыптары бар бір топқа арналған сайт еді.

e899fe43.jpg

Бұл Facebook тың негізін салушы Марк Цукербергтің 2006 жылғы профилі.

3ec6198f.jpg

2006 жылы алғаш рет, сайтқа тіркеліп өзара достасқан адамдардың соңғы белсенділіктері көрініп тұратын функция іске қосылды.

a9faad60.jpg

Келесі 2007 жылы Facebook одан ары дами түсті, микроблог қосылды, қолданушының жазға посттары өзінің архивінде сақталып қана қоймай, достарының да лентасынан көрінетін болды.

2e8d5fa7.jpg

Бұл 2009 жылғы көрінісі, бұл жылы Facebook ке әйгілі Twitter мен бәсекеге түсуіне тура келді, жаңа функциялар қосып толыса түсті, интернет әлеміндегі көкжалдармен тайталасып, базарды иемденуге шындап кірісе бастады.

5833d0ef.png

2010 жылы кезекті рет маңызды өзгерістердің бірін жасады, ол сайттың ең үстіңгі бөлігіндегі ескертпелер.

15a29ed7.jpg

Осы жылы тағы да бірнеше қызмет түрлері қосылды, оның ішіндегі ең маңыздысы, қолданушының көптеп сурет жүктей алуы және оның қолданушылар лентасында көрінуі.

affd5ebb.jpg

2011 жылы қосылған басты функциялар News Ticker және мұқаба сурет, News Ticker ол қолданушы достарының өзіне қатыссыз басқада белсенділіктерінің оң жақ жоғарғы бұрыштан беріліп тұруы.

c069f6c1.jpg

Ал енді мынау Facebook әлеуметтік желісінің қазіргі көрінісі.

3f039b2e.jpg

Ұялы телефонға арналған нұсқасының көріністері:

7faff8a0.jpg

3620a1a3.png

Назарларыңызға үлкен алғысымды айта отырып, осы бір әлемдегі номері бірінші әлеуметтік желінің 93% қазақшаланып болғандығын (әлі бета нұсқада) айтқым келеді, әрі оны аударуға атсалысып жатқан еріктілер тобына ризашылығымды білдірем.

Дайындаған: Қасен Сержан

"Қабылан ақпараттық порталы"


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Facebook әлеуметтік желісінің әр жылдардағы дамуы
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-14/679.html