Тұрғындардың сауалдарына жауап беретін жаңа портал іске қосылды

Алматы қаласының тұрғындарына, кәсіпкерлерге және қала қонақтарының барлық сауалдарына жауап беретін портал іске қосылды. Оның жұмысы екі кезеңнен тұрады. 

Әлеуметтік желі қолданушыларының назарына ұсынылған пилоттық жобада ең алдымен күнделікті өмірде кездесетін түйткілді сауалдардың жауабы порталға тіркеліп отырады. 

Сондай-ақ осы мәселе туралы тұрғында өздерінің ұсыныстарын қалдыра алады. Жобаның екінші кезеңі қоғамдық қабылдау деп аталады. Бұл кезең күзге дейін жүзеге асырылатын болады. 

Руслан Асаубаев, «Алматы даму орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары: -Тұрғындар әр салаға қажетті құзырлы немесе жауапты мекемелердің қайда екенін, қашан қабылдайтынын іздеп шаршамайды. Барлығы бір жерде отырады. Яғни қажетті сұрақтары мен өтініш-тілектеріне бір есіктен жауап беріліп, көмек көрсетіледі. Бұл электронды порталдың негізгі жұмысы болмақ.


Дерккөз: Www.24.Kz


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Тұрғындардың сауалдарына жауап беретін жаңа портал іске қосылды
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-12/674.html