Қазақстандық боз кілем шеберлері Азия чемпионатының финалына шықты

Үндістанның Нью-Дели қаласында грек-рим күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатында балуандарымыз сәтті өнер көрсетуде. 

130 кг Алматы облысының балуаны Дамир Күзембаев жартылай финалда өзбекстандық балуанмен кездесіп, жеңіске жетті. Қазақстандық боз кілем шебері енді финалда ирандық спортшымен кездеседі. 

Ал 66 кг салмақта ел намысын Алмат Кебіспаев қорғап жатыр. Үржарлық балуан ширек финалда қытайлық спортшыдан айласын асырса, жартылай финалда Жапониядан келгнен Такахасимен кездесті. 

Жерлесіміз үшін бұл кездесу қиын болды. Алайда Алмат өзінің тәжірибелі спортшы екенін дәлелдеп, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

 

Ақпарат көзі: prosports.kz


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Қазақстандық боз кілем шеберлері Азия чемпионатының финалына шықты
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-11/666.html