Францияда 900 сайлау учаскесі құрылды

Бүгін Францияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі басталды. 

Саяси додаға «Алға» қозғалысының жетекшісі Эммануэль Макрон мен «Ұлттық майдан» партиясының өкілі Марин Ле Пен түсіп жатыр. Ел өміріндегі басты саяси шараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 50 мың полицей жұмылдырылған. 

Жалпы, ел аумағында 900 сайлау учаскесі құрылды. Ал соңғы сауалнамаға қарағанда, бұрынғы Экономика министрі Эммануэль Макронға сайлаушылардың 60%-ы дауыс беруге дайын болса, оның қарсыласы Марин Ле Пенге 40%-ы қолдау көрсетпек.

Дерккөз: Www.24.Kz


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Францияда 900 сайлау учаскесі құрылды
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-08/647.html