Головкин – Альварес жекпе-жегі қай жерде өтетіні анықталды

Қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 KO) және мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (49-1-1, 34 KO) командалары боксшылардың жұдырықтасатын орны бойынша келісімге келді. 

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. Бұл жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында 16 қыркүйекте өтетін болды. Бұл күнгі бокс кешін Невада штатының Атлетикалық комиссиясы қадағалайтын болады. Бұл ақпаратты комиссия өкілдері де растап отыр. 

Головкин – Альварес жекпе-жегіне қазақстандықтың барлық атағы тігіледі (WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулері). Боксшылар рингте тұрып көз арбасып та үлгерді.

Дерккөз: Www.24.Kz


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Головкин – Альварес жекпе-жегі қай жерде өтетіні анықталды
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-07/641.html