Астанада айбынды армияның қауқары паш етілді

328074.jpg


Отан қорғаушы күніне орай елордада бұрың-соңды болмаған әскери парад өтті. Саптық шеруге 5 мыңнан астам сарбаз қатысты. 

Қазақ әскерінің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін көрсету үшін лек-легімен танкілер, зеңбіректер, бас-аяғы 300-ден аса әскери техника жүріп өтті. Парадқа Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Мемлекет басшысы біздің армия ТМД мемлекеттері арасында алдыңғы қатарда екенін атап өтіп, кез келген қауіп-қатерге төтеп беретінін жеткізді. «Әскери киім киген жауынгерлер өскелең ұрпақ үшін өнеге болу керек», - деді. Ал бізге бейбіт күн сыйлаған Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне мың да бір тағзым. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Ел тәуелсіздігімен бірге биыл Қарулы Күштеріміздің 25 жылдық мерекесін атап өтіп отырмыз. Мен ширақ ғасыр бұрын тәуелсіз еліміздің төл армиясын құру туралы дәл бүгін Жарлыққа қол қойғанмын. Содан бері аз ғана уақыт өтсе де, Қарулы Күштеріміз бес қаруы сай заманауи үлгідегі айбынды армияға айналды. Жауынгерлік тәрбие әскери киіммен емес, жөргектен басталады деп батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы айтқан болатын. Жерінің қауіпсіздігін, елінің тыныштығын қорғау – әр азаматтың қасиетті парызы, абыройлы міндеті. Сіздер еліміздің шекарасы берік, шебі бүтін болу үшін қалтықсыз қызмет етіп келесіздер. Қымбатты қазақстандықтар! Сардарлар мен сарбаздар! Баһадүр бабалардың ерлік жолын бейбіт күннің батырлары жалғай берсін! Жауынгерлеріміздің шеберлігі тек жаттығуда ғана шыңдалсын. Ұлы даламызды тек аналардың әлдиі мен сәбилердің күлкісі ғана тербесін. Мереке құтты болсын! 

Әскери парад кезінде алғаш рет көпшіліктің назарына багги, квадроциклдер, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары ұсынылды. Ал 70-ке жуық ұшақ пен тікұшақ таңдай қақтырар іс-қимылдың түр-түрін жасап, авиашоу көрсетті. Тікұшақтар төл армияның 25 жылдығына орай аспанда қалықтап, 25 санын бейнеледі.


photo_25831.jpg

Боевой парад, 5 07.05.13.JPG

20140507162343.jpg

01-1.jpg


Дерккөз: Www.24.Kz


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Астанада айбынды армияның қауқары паш етілді
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-07/638.html