Василий Левит Азияның үш дүркін чемпионы атанды


Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит үшінші рет Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды prosports.kz. 

Ташкентте өтіп жатқан құрлықтық додада Левит 91 кг салмақта ақтық сынға өткен болатын. Финалда отандасымыз үндістандық Сумит Сангванмен қолғап түйістірді. Василий алғашқы секундтан-ақ шабуылға ұмтылды. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша Левит Сангваннан басым түсті. Есеп – 5:0. Осылайша Василий Левит Азияның үш дүркін чемпионы атанды. Бұған дейін ол 2009 және 2015 жылдары құрлықтық додада топ жарған болатын. 

Айта кетейік, бұған дейін 81 кг салмақта Ерік Әлжанов өзбекстандық Бектемир Меликузиевтен жеңіліп қалған болатын.

Дерккөз: Www.24.Kz


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Василий Левит Азияның үш дүркін чемпионы атанды
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-07/629.html