АҚШ-та кәсіпкер су қоймасын қоқыстан тазалайтын құрылғы ойлап тапты


АҚШ-тың Балтимор қаласындағы кәсіпкер өзенді қоқыстан тазартатын құрылғы ойлап тапты. Механизм еш жанар-жағармайсыз тек күннің қуаты және өзеннің ағысымен жұмыс істейді. 

Қарапайым құрылғы судың бетіндегі қалқыған заттарды сүзіп алып, өзінің қоқыс жәшігіне салады. Жиналған заттар шаһардағы қайта өңдеу зауытына жеткізіледі. 

Құрылғы иесінің айтуынша, механизм үш жылдың ішінде 500 тонна қоқыс жинап үлгерген. Ал құрылғының тұрғындар қолдауына ие болғаны соншалық, оны жасаушылар ғаламтор арқылы екінші аппарат құруға қаржы жинап алған.

Адам Линдквист, «Таза айлақ» жобасының қызметкері: 

- Кейде тосын жағдайға тап болып, жаңа құрылғының қайран қалдыратыны бар. Бірде Африка жағалауын мекендейтін үлкендігі бір жарым метрдей корольдік питон құрылғыға оратылып қалыпты. Үрейіңді ұшырар әбжыланды ұстау үшін мамандар шақыруға тура келді.


Дерккөз: Www.24.Kz


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » АҚШ-та кәсіпкер су қоймасын қоқыстан тазалайтын құрылғы ойлап тапты
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-04/620.html