Оңтүстік Кореяда президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды


Оңтүстік Кореяда 9 мамырға жоспарланған президент сайлауына мерзімінен бұрын дауыс беру басталды. 

Елдің орталық сайлау комитетінің хабарлауынша, жергілікті уақытпен таңғы сағат тоғызға дейін 590 мың адам өз таңдауын жасап үлгерген. Жалпы бұл науқанда дауыс беруге 42 миллионнан астам азамат тіркелді.  

Айта кетейік, президент сайлауында мерзімінен бұрын дауыс беру Оңтүстік Кореяда алғаш рет өткізіліп жатыр. Ол екі тәулікке созылып, жұма күні кешке аяқталуы тиіс. 2014 жылы қабылданған заң бойынша мемлекеттің кез келген азаматы ешқандай себепсіз, сайлау күнін күтпей-ақ мерзімінен бұрын дауыс беруге өтініш беріп, таңдау жасай алады. Билік мұндай ережені азаматтардың сайлауға көбірек келуін қамтамасыз ету үшін қабылдаған. Ал Оңтүстік Корея президенті атану үшін 13 кандидат таласады. Алдын ала жүргізілген сауалнама нәтижесіне қарағанда басты талас Демократиялық партия өкілі Мун Чжэ Ин мен «Ұлттық партия» кандидаты Ан Чхоль Су арасында болады.


Дерккөз: Www.24.Kz


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Оңтүстік Кореяда президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-04/619.html