Венесуэлада Мадуроға қарсы шеру кезінде қаза тапқандар саны артты

Венесуэладағы шерулер кезінде қаза тапқандардың саны 34-ке жетті. 


Ал ел астанасы Каракаста тағы да үкіметке қарсы наразылық акциясы өтті. Бұл жолы шеруге президент Мадуроның конституцияны өзгерту үшін Құрылтай шақыру жөніндегі өкімге қол қоюы себеп болды. Шараға жиналғандар тәртіп сақшыларына тастар мен жанғыш шөлмектер лақтырып, полиция көз жасаурататын газ қолданды. Салдарынан бір адам қаза тауып, 200-і жараланған. Ал билікке қарсы акциялар сәуірдің бас кезінен бері жалғасып келеді. Шерушілер «президент Николас Мадуро оппозицияны қудалап, билікті өз қолына шоғырландырып жатыр» деп айыптайды. Сондықтан оның қызметтен кетуін қалайды. Бірақ Мадуро орнын босатпақ түгілі оппозиция көпшілік орынға ие парламенттің ықпалын азайтуды көздеп отыр.

Дерккөз: Www.24.Kz

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Венесуэлада Мадуроға қарсы шеру кезінде қаза тапқандар саны артты
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-04/618.html