Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккені туралы театрландырылған көрініс қойылады



Қарағандыда 8-мамыр күні батыр бабамыз Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккені туралы театрландырылған көрініс қойылады. 

Қазір ауқымды шараға соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Қойылымға қатысуға барлығы 200-ден астам қарағандылық ниет білдірген. Олардың арасында Ауған соғысының ардагерлері де бар. Ұйымдастырушылар керекті қару-жарақты қолдан жасап жатыр. Ал сол заманның ескі техникаларын табуға жергілікті тұрғындар көмектескен. Жауынгерлердің киім-кешегін де қаладағы өнер ұжымдары беріп отыр. Сценарий авторларының айтуынша, Майқұдық ауданындағы мәдениет сарайы Рейхстагқа ұқсас етіп безендіріледі. Маңайына ор қазылып, от жағылып, кәдімгі ұрыс алаңына айналады.


Айгүл Дементьева, Майқұдық мәдениет сарайының директоры: 

- Майқұдықтағы мәдениет сарайының сәулеті Рейхстагқа өте ұқсас. Сондықтан таңдау осы ғимаратқа түсті. Әрі қала ортасында орналасқандықтан, тұрғындардың тамашалауына да қолайлы. Бәрі ойдағыдай өтеді деп үміттенеміз.




Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/175579-ra-ymzhan-osh-arbaevty-rejkhstag-a-tu-tikkeni-turaly-teatrlandyryl-an-k-rinis-ojylady

www.24.kz


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккені туралы театрландырылған көрініс қойылады
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-03/601.html