Жапония қазақстандықтар үшін виза жөнінен жеңілдіктер жасады


Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов пен Жапония Сыртқы істер министрі Фумио Кисидоның кездесуінде белгілі болды. 

Кездесу барысында сұхбаттасушылар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы қарашада Жапонияға мемлекеттік іссапары шеңберінде қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру барысын қарастырып, сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашақтағы бағытын, көпжақты форматтағы өзара әрекеттесу, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жұмысы аясындағы күштерді үйлестіруді қоса талқылады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің басшысы жапон әріптесін Қазақстанның сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көліктік саясатының басымдықтарымен таныстырды. 

Жапония министрі екіжақты форматтағы өзара әрекеттесуді қозғау кезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының, соның ішінде еліміздің көліктік-транзиттік әлеуетінің тартымдылығы мен оның өзектілігін атап өтті. Астанада өтетін ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінде Жапония өзінің жаңа технологиялық зерттеулерін ұсынады. 



Источник: primeminister.kz


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Жапония қазақстандықтар үшін виза жөнінен жеңілдіктер жасады
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-03/599.html