Павлодар облысында жас кәсіпкер жаттығу залын ашты



Павлодар облысының шалғайда жатқан Ертіс ауданында жас кәсіпкер тренажер залын ашты. 

22 жастағы Ерлан Талапкеров Астанадағы жоғары оқу орындарының бірінде сырттай оқиды. Ол туған ауылында спорттың дамуына үлес қосып, ауыл тұрғындарын саламатты өмір салтын сақтауға шақырып отыр. Арнайы кесте бойынша жаттығу залына жасөспірімдер мен зейнет жасындағы қарияларға дейін келеді. Олар аптасына 3 рет жаттығады. Кәсіпкер шағын тренажер залын ашу үшін «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысып, 3 млн теңге несие алған.


Ерлан Талапкеров, жеке кәсіпкер: 

- Ауылда жастар көп. Жаттығу залының қажеттілігін мен олардың аузынан көп еститінмін. Ендеше сұраныс бар жерде оны іске асыру қажеттігін түсіндім. Несиеге алған 3 млн теңге барлық құрал-жабдықты алуға толық жетті. Бұл жерде жуынатын, киім ілетін жер де бар.  



Дерккөз: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/175475-pavloda
 www.24.kz

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Павлодар облысында жас кәсіпкер жаттығу залын ашты
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-02/588.html