Құқық қорғау органдарының қызметкерлері арнайы курстан өтеді


Құқық қорғау органдары қызметкерлері кәсіби деңгейін арттыру мақсатында арнайы курстан өтеді.

Қатысушылар ұжымды басқарудың тиімді жолдарын үйреніп, қызметкерлермен етене араласудың қыр-сырымен танысады. Мақсат - басшылық лауазымға тағайындау үшін менеджерлер дайындау. Оларға еліміздің және шетелден келген сарапшылар дәріс оқиды. Айта кетейік, бұған дейін 51 маман даярлықтан өтсе, бұл жолы 16 қызметкер біліктілігін арттырмақ. Ал жыл соңына дейін тағы 20 адам арнайы курстан өтеді деп жоспарланып отыр.


Наиль Ахметзәкірова, ҚР БП жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының м.а:

 - Біз қатысушыларға заманауи, білікті, білімді басшы, менеджер болудың қыр-сырын үйретеміз. Жалпы, курс 4 бағыттан тұрады. Мәселен, дәріс оқитын мамандар мемлекеттік саясат, келіссөз жүргізу, шешендік өнер, қиындықтан шығудың жолдарымен бөліседі. Мысалы, лаңкестік шабуыл кезінде күдіктімен қалай келіссөз жүргізу керектігін меңгереде.


Источник: 
http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/175427-y-or-au-organdaryny-yzmetkerleri-arnajy-kurstan-tedi
www.24.kz

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Құқық қорғау органдарының қызметкерлері арнайы курстан өтеді
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-02/585.html