Қырғызстанда лай көшкіні кезінде жапа шеккендерге көмек жинау басталды



Шараны Қызыл жарты ай қоғамы мен «Ынталы жастар клубы» ұйымдастырған. 

Кез-келген адам Халықаралық ұйымның елдегі кеңсесіне азық-түлік пен киім-кешек жіберіп, ақшалай көмек көрсете алады. Естеріңізде болса, 29 сәуірде Ош облысында лай көшкіні жүріп, 7 үйді басып қалды. Табиғи апат 24 адамның өмірін жалмады. Олардың тоғызы - бала. Келесі күні өңірдегі тағы бір ауылда да лай көшкіні жүрді. Абырой болғанда, ешкім жапа шеккен жоқ. Қазір 60-тан астам нысан қауіпті аймақта қалып отыр. Арасында тұрғын үйлермен қатар, мектеп, балабақша, мешіт пен медициналық мекемелер бар.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/175425-yr-yzstanda-laj-k-shkini-kezinde-zhapa-shekkenderge-k-mek-zhinau-bastaldy
www.24.kz

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Қырғызстанда лай көшкіні кезінде жапа шеккендерге көмек жинау басталды
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-02/584.html