Тереза ана : Адам болу мінезден

Адам болу мінезден

Адамдар көбіне тұғырсыз, қисынсыз, өзімшіл келеді. Қайткен күнде де оларды кешіре біл.


Егер аса мейірбан болсаң, ел-жұрт сені өзімшіл, бір бармағы ішінде деп қаралайды. Бәрібір мейірімді болып қала бергейсің.


Атақ-даңққа қолың жетсе, шынайылықтан жұрдай достар мен қастығы хақ дұшпаның көп болады. Сонда да мықтылығыңнан танба, жетістіктен бас тартпа.


Сен жылдар бойы іргесін қалаған бақытты біреу кеп әп-сәтте құрта салуы мүмкін. Сонда да мойыма, бақытқа ұмтыла бер.


Жан тыныштығың мен бақытыңды тапсаң, басқалар күндей бастайды. Сонда да бақытты бол.


Бүгін жасаған жақсылығың ертең ұмытылуы ықтимал. Сонда да жақсылық жасаудан жалықпа.


Бойыңдағы бар ғажапты әлемге тарат, мұның бәрібір теңізге тамған тамшыдай жұтылып кетеді. Сонда да қолда бар игілігіңді таратып беруден тартынба.


Ең ақырында бұның бәрі сенің Құдаймен әңгімең екенін түсінесің. 

Бұның барлығы ешқашан сенің өзгелермен қарым-қатынасың еместігіне көз жеткізесің.


Тереза ана

Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Тереза ана : Адам болу мінезден
Тұрақты сілтеме: /A_kop/zhuzadam/2018-01-10/999.html