Адам махаббат арқылы кез келген дерттен айыға алады

Адам махаббат арқылы кез келген дерттен айыға алады

Көлікте келе жатып өзінің жеңілтектігінен жолаушыны басып, өлтіріп қойса, ол өзінің күнәсін жуып-шаюға барын салады. «Сені басып кеткенім үшін мен де өлуім керек» десе қандай болады? Мұндайды адам айтпайды да, істемейді де. Құрбан болған адамға бұл тек ауыртпалық салады. Өзінің өлімі үшін де оған күйесін жағып кетпекші. Бұлай істеуге болмайды. 

«Бұл менің кінәм. Оны жуып-шаю мүмкін емес. Сенің рухыңа арнап өз күнәмнан үнемі жақсылық жасауға күш-қуат алып отырамын» десе, бұл дұрыс жол. Адам жаны мұны естиді. Күнәң жуып-шайылмаса ад, сен жақсылық жасауды үйренесің. Жақсылық қимыл-қозғалысқа түседі. Адамда ілгері жетелейді. 

Және бір мысал. Адам өз ата-анасын сыйламағандығын ауру немесе өліммен өтейді. Обырмен ауырғандарда осындай себептер болады. «Сені сыйлағанша, өлгенім артық» деген ұстаным мойын бұруға мұрша бермейді. Мұндай науқастар өте қырсық келеді. Өзінің тәкәппарлығын жеңе алмай кеткендері қаншама? Әке-шешесіне қарап: «Мен сені сыйлаймын» дей алмай қиналады. Ауру – ата-анасын сыйламай кеткеннің нәтижесі. Олар жүректері жібімейтін адамдар. Бірбеткейлігін жеңе алмаған адамға қарап, дерт оның лайықты жазасы екенін түсінуге болады. 

Ашқарақ адамдарға қарап та сондай ой түюге болады. Өздері мойындамайтын адамды жүрек төріне шығарудың орнына асқазанына не болса, соны тықпалап әуре болады. Бұл әдет ақыр соңы ауруға айналады. Жүрегінен орын бере алмағандардың тәнін май басады. 

Отбасыдағы дерттің түп-тамыры махаббаттан бастау алады. Жанындағы жанды құтқарамын деп өзінің басын ауруға байлап береді. Ауру мен өлім – көбіне тек махаббатын көрсетудің тәсілі ғана. Осыны мойындай алған адам өмірге дұрыс көзқараспен қарауды үйренер еді. Ауру мен өлімге аянышпен, түсіністікпен қарауға болатынын көрер еді. 

Титтей бала махаббатты қайдан біледі деп жатамыз. Түсінеді. Бәрін де түсінеді. Сондықтан балаға дұрыс көзқарасты көрсете білу маңызды. Ол махаббаты арқылы кез келген дерттен құлан-таза айыға алатынын көруі керек. Махаббатты дұрыс түсіне білген адам отбасыда бақытты бола бастайды. Қиындықтың бәрі артта қалады. 

Берт Хеллингер

Аударған Шынар Әбілдә


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Адам махаббат арқылы кез келген дерттен айыға алады
Тұрақты сілтеме: /A_kop/zhuzadam/2017-06-09/752.html