Ғасырды бағындырған өнертапқыш

Шынар Әбілдә

Ғасырды бағындырған өнертапқыш

Стивен Гари Возняк (Stephen Gary Wozniak) – бүгінгі таңдағы ең мықты өнертапқыш, атақты компьютерлік бағдарлама жасаушы. 


С.Возняк 1950 жылдың 11 тамызында дүниеге келген. Әке-шешесі екінші дүниежүзілік соғыстан соң Украинадан АҚШ-қа көшіп барған. Әкесі – Джейкобс Френсис Возняк, инженер. Шешесі үйде бала баққан. Әкесі Lockheed компаниясында өздігінен бағытталатын ракеталар жасаушы инженер болған. Әкесі Возға атомдар, электрондар, нейтрондар, протондар туралы үнемі сан алуан қызықтар айтып отырады. Электр лампа мен транзисторлар қалай істейтіндігін әңгімелейді. Соның арқасында болар, әлемді тамсандырған өнертапқыш өзінің тұңғыш техникалық жобасын алты жасында жасап көреді. Детекторлы қабылдағыш жасайды. Әрине, ол кезде оған әкесі көмектеседі. Одан кейінгі дүниесін 11 жасында жасайды. Онысы калькулятор болған. ВВС ұйымдастырған байқауда сол калькулятор жеңіп шығады. Калькулятор жасау үшін Стив – Фортран бағдарламалар тілін жаттап алған екен. Воз достарымен бірге «электронды бала» болғанын мойындайды. Электроникамен әуестенгені соншалық, ол қатарластарынан оғаш өмір сүруге көшті. Жасөспірімдер сауық кештерін ұйымдастырып жүргенде, ол тек электроникамен ауырды. Воз хиппилерге қосылғысы келеді, алайда есірткі қолданбағандықтан оларға да сыймайды. 

Steve-Jobs-y-el-co-fundador-de-Apple-co-founder-Steve-Wozniak.jpg

1975 жылға дейін Стив бірнеше университеттерде оқыған. Колорадо, Ден-Ас, Калифорния университеттерінде білім жинақтайды. Бірақ оқуын аяқтамастан жаңа цифрлік бұйымдар жасауға ден қояды. Сөйтіп, ең бірінші Apple-I компьютерін жасап шығарады. Өзінің айтуынша, бұл компьютерін тек Үй Компьютерлері Клубындағыларды таң қалдыру үшін жасаған. Осыдан кейін барып ол жоғары білім алу керектігін ойланады. 1986 жылы Калифорния университетін тәмамдайды. Возняктың жасаған компьютеріне оның досы Стив Джобс қызығушылық танытады. Бұл әуестікті ақшаға айналдыра білу керек деп ақыл айтады. Сөйтіп, Возняк Hewlett-Packard компаниясынан кетіп, «Apple Computer» компаниясында вице-президент лауазымына келіседі. Бұл компания 1976 жылы 1 сәуірде құрылған. 

Джобс жергілікті дүкенге Возняк жасаған алғашқы компьютерлерді сатады. Сол алғашқы компьютерлерді жасау үшін екі досқа бүкіл дүниесін сатуға тура келеді, Возняк калькуляторын да сатып жібереді. Джобс өзінің көлігін сатады. 

Алғашқы жылдары Возняк компьютерін жетілдіруге барын салады. 1978 жылы Возняк Apple DOS – операциялық жүйесін жасайды. Иілімді дискілердің қадағалаушысын жасап шығарады. Calvin деп атаған бағдарламалық тілді ойлап тапты. Төрт күнде Breakuot ойынын жасап шығарады. Кейін сол ойын ел ішінде аңызға айналады. SWEET 16 атты 16-биттік процессорды ойлап табады. 

1980 жылы жаңадан құрастырылған компьютерлер нарыққа шығады. Apple II. Бұл компанияны жетістікке жеткізген осы компьютер. Ол барлық жағынан жетілдірілген. Кез келген адамның қолданысына ыңғайлы болды. Возняктың электороника саласындағы ең үлкен жетістігі десек те артық болмас. Соның арқасында достар алғашқы миллиондарына қол жеткізеді.  1992 жылы компанияның табысы 7 миллиард долларға жетті. Бірақ ол кезде Воз Apple компаниясынан іргесін бөлек салған еді. 

1981 жылы өзінің жеке ұшағымен ұшып бара жатып апатқа ұшырайды. Воз амнезияға шалдықты. Біраз уақыт есін білмей қалады. 1983 жылы жұмысына қайтып оралады. Содан 1987 жылға дейін жұмысын жалғастырады. Қазіргі таңда да Apple компаниясының акцияларына иелік етеді. Дегенмен Стив Джобспен келіспеушілігі салдарынан компаниядан кетіп тынады. Кеткен соң өзінің компаниясын құрады. «CL9» атты компаниясы дистанционды басқару пульттарын жасауды қолға алады. Қайырымдылықпен айналысуды бастайды. Үш рет үйленген. Қазір үшінші әйелі Джанет Хиллмен Лос-Гатоста өмір сүреді. 


article-2143552-130F73E5000005DC-753_468x599.jpg

1982 жылы – КСРО-АҚШ арасындағы телекөпір жасау бастамасын көтерді. 

1985 жылы – АҚШ президенті Р.Рейган Ұлттық технология медалімен марапаттады. 

2000 жылы – Даңқты Өнертапқыштар Ұлттық Залының құрамына енгізілді. 

2001 жылы – Хайнц премиясын алды. 

2004 жылы – технологияның дамуына қосқан үлесі үшін Солтүстік Каролина Университетінің ғылым докторы атағы берілді. 

Apple-ден кеткен соң Стив Возняк пульт шығарды, мектептерде сабақ берді, арнаулы концерттер ұйымдастырды, қайырымдылыққа ден қойды. Бірақ Стив Джобспен арадағы кикілжің сол күйі жазылмаған дерт боп қалды.

Аударған Шынар Әбілдә

"Қабылан ақпараттық порталы"


q1.JPG

q2.JPG

q3.JPG


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Ғасырды бағындырған өнертапқыш
Тұрақты сілтеме: /A_kop/zhuzadam/2017-05-11/668.html