Басыңдағы бақытсыздыққа қарамастан риясыз жақсы көретін адамдар болады

Басыңдағы бақытсыздыққа қарамастан риясыз жақсы көретін адамдар болады. "Не үшін? Қай қылығыма бола?" деп ойлайсың. Түсінбейсің. Адам деген ұлағатты атына жүрегі сай болған соң сүйетін шығар. Бұл ғажап. Өмірде күнде кездесетін кішкентай ғажаптардың бірі. Не ұлы ғажаптың нақ өзі. Сенің қара түнек өміріңнен титтей саңылау тауып, өз сәулесін шашатын ақжүректердің барына шүкір. Сондай жақсы адамның барына көз жеткізгенде "өмірдің мәні түнекте жүріп те ақ әлемді армандай білу, бәлкім" деп ойлайсың. Тағдырдың түнегінде қанша адассаң да, жүректегі нұрды өшіріп алма. Бір күні бәрібір бақытсыздықтың бодауынан шығып, еркін өмірге қадам басасың. Тиянақ табасың. Бәрі өзгереді. 

Тек армандай біл... Тек армандай бер... Жүрегіңе әділет өз туын тіккенде, армандар орындалады...


Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Басыңдағы бақытсыздыққа қарамастан риясыз жақсы көретін адамдар болады
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2018-07-04/1109.html