Генри Райдер Хаггард : Бағың бар болса...

БАҒЫҢ БАР БОЛСА...

Бағың бар болса, өзге жандардың ортасында үнемі осалдығың сезіліп тұрады. Оныңды ешкімнен тыға алмассың. Сонда жаныңдағы дос кім, қас дұшпаның кім айырарсың. Ол бір кәделі уақыт болмақ. Өмірің тұтас күйрейді. Жаңғақ секілді жаныңды қақ жарып, ішіңдегі дәнегіңді суырып алады. Жаның сірі болса да, екі көзден парлап аққан жасты тоқтата алмассың. Көз жасты ештеңемен тыя алмассың. Сол көз жаспен ескінің кірін жуып, жаңаның еркіндігіне жетесің. Содан соң шынайы өмірдің есігін ашасың. 

Бағың бар болса, өзге жандардың ортасында үнемі осалдығың сезіліп тұрады. Оныңды ешкімнен тыға алмассың. Сонда жаныңдағы дос кім, қас дұшпаның кім айырарсың. 

Бағың бар болса, өмірлік сұрақтың жауабын білмей дал боларсың. Содан соң ойыңды ұштап, өмірді өзіңше танисың. 

Бағың бар болса, әлі талай адамнан, ойдан, ұстаздан, мейірімді сиқыршылардан көңіл қалып, қан жұтарсың. Сол қайғыны жүрегіңнен өткізіп, өмірдің мәнін ұғынарсың. 

Бағың бар болса, ақыл сұрар жан таппай, далбасаларсың. Жаныңда тірі пенде қалмас. Сол сәтте ішкі компасыңды қосасың. Бағың бар болса, лайықты уақыты келгенде, жаныңды жегі құрт жеп, не істеріңді білмей, өзіңді өмірге жетелетесің, өмір ағынымен өлі балық боп ағасың. 

Бағың бар болса, талай ардағыңды жоғалтасың, адалыңнан алданасың, опасыздықтың дәмін татасың, жүрегің талай табанның астында қалып, тапталар. Сол «талайлар» жүзіңді парасаттың әжімімен көмкерер. Тәжірибең, алған сабағың өмірлік дос боп қалады.

Бағың бар болса, бір тиынсыз қалатын күндерді бастан кешесің. Сол сәтте бұрын ақшасын төлеп, еңбегін пайдаланатын адамдардың кебін киесің. 

Бағың бар болса, көп ақшаға мастанасың. Бақыттың бәрі ақшада деген елестен арылған кезде шыңыраудың түбіне түсесің. 

Бағың бар болса, күллі жұрттың сүйіспеншілігіне тұтас ие бола алмасыңды пайымдарсың. Сол сәтте құндылық атаулының ішкі жүйесін қайта құрасың. Жұрттың бәріне жақсам ғой деген тілектен толық арыласың. 

Бағың бар болса, ет жақының сенен теріс айналар. Сонда бақыттың әр мезетін бағалауды үйренесің. 

Бағың бар болса, сүйгеніңнің көзіне тік қарайтын күн туады. Екі шындық шарпысады. Оның және сенің. Шекарасы болар-болмас түйісетін жекелей ғаламдардың арасындағы кеңістіктен талып жететін күмбір-күмбір күйді естисің. 

Бағың болса, осының бәріне төзесің. Шыңдалып шығасың. Өзіңнің меніңді өсіресің. Қайғыдан сұлулықты тап басып суреттейтін ішкі алхимияны жан-дүниеңмен сезінесің. Бағың бар болса...

Генри Райдер Хаггард

Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Генри Райдер Хаггард : Бағың бар болса...
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2018-03-26/1092.html