Бақыт емдейтін дертті бірде-бір дәрі емдей алмайды

1. Бақыт емдейтін дертті бірде-бір дәрі емдей алмайды.

2. Ұзақ күткен тағы да сәл-пәл күте алады.

3. Ешкімнің алдында шешкім келмегендіктен қалпақ кимеймін.

4. Егер уәжін тыңдасаң, бірде-бір нақұрыс ақылсыз емес.

5. Адамның соғыста не сезінетінін айтуға көп сөзді мылжыңдау артық, қорқыныш деген бір ғана сөз жеткілікті.

6. Бізді ғажайып, керемет дүние қоршап тұр. Ал, жазушылар бізге күйбең тірлік пен маңызы жоқ нәрселерді айтып, тықпалайды.

7. Қасиет деп өткеннің қуанышын қайғы­-мұңсыз және өкінішсіз еске ала білуді айтады.

8. Шабыт тек жұмыс істегенде келеді.

9. Ақыл мен даналық қажеті болмайтын шақта толысады.

10. Мен бай емеспін. Ақшасы бар жарлымын. Бірақ бұл екеуі бір емес.

11. Сабырлы бол. Өлу оңай емес.


Габриэль Гарсиа Маркес

Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Бақыт емдейтін дертті бірде-бір дәрі емдей алмайды
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2017-09-23/944.html