Адамның бақыты дүниеге байланбаған. Оның бақыты - Ниетінде

Адамның бақыты дүниеге байланбаған. Оның бақыты ниетіне тәуелді. Өзіне және әлемге деген кіршіксіз ниетте бақыт бар. Бақыт пен жолыңның болуы айналаңдағы жағдайға емес, сенің сол жағдайды қабылдауыңа тәуелді. Сенің ниетің содан байқалады. Ниетіңнен бақытыңды да тануға болады. Ниет түзеу әр адамның өз қолында. 

Еліктеу – туабітті адам баласының бойында бар қасиет. Балалар мен жастар ересектердің өміріне бейімделу үшін еліктейді. Ал, егер сенің жасың мен бойың ғана емес, санаң да есейсе, онда өмірлік құндылықтарыңа ревизия жасап, өзіңе не керектігін анықтауды баста. 

Барлық материалды құндылық тек қана сыртқы қаптама. Олардың бәрі адам үшін ойлап табылған. Адам дүние үшін жасалмаған. Дүниелік зат – мақсат та, бағыт та емес. Бар болғаны безендіретін сыртқы әлеміш, шарттылық, жағдаят қана. Оның бәрі жанның өсіп-жетілуіне қызмет етуші. 

Жанды не жетілдіреді? Ойланып көрдіңіз бе? Өз табиғатына сай өмір сүру. Адамның табиғаты неден тұрады? Қамқорлық, сүйіспеншілік, жауапкершіліктен. Адам адам секілді өмір сүргісі келсе, қамқорлық жасап, сүюді, мойнына жауапкершілік алуды үйренеді. 

Жауапкершілігі бар адам уәдеге берік. Не істесе де тиянақты. Өзгені кекетіп, мұқатпайды. Жақындарын қиындықта қалдырмайтын адам. Өзгеге ренжімейтін, болмашыға кектенбейтін жан. Өзгенің ақымақтығы мен бейәдептігі үшін өзін айыптамайтын, жазаламайтын адам. Ешқашан жан баласын өлтірмейтін – сөзбен де, пышақпен де, өзге қарумен де. 

Адам адам болып қалуы үшін өзін де, өзгені де жауапкершілікке үйретуі тиіс.


Александр Казакевич

Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Адамның бақыты дүниеге байланбаған. Оның бақыты - Ниетінде
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2017-09-19/937.html