Рухы күштілер – өте салмақты және сабырлы адамдар

1. Мен білетін зерделі адамның бірегейі менің тігіншім еді. Ол маған келген сайын менің өлшемімді жаңадан алатын. Ал, басқалар маған ескі өлшемдермен келетін. Ескі өлшемнен ауытқымайды деп ойлайтын.

2. © Бернард Шоу.

3. Қалауын тапсаң кез келген адамды тізерлетуге болады. Ал, сүрінген адамды қалыпқа келтіру – ауыр еңбек, бұл әркімнің қолынан келе бермейді. © Макс Фрай.

4. Әдетте ең рухы күштілер – өте салмақты және сабырлы адамдар болады.

5. Ең күрделі қадам – бізді қалыпты өмірден бөліп тұрған қадам. © Пападжи.

6. Достық – тәулік бойы толастамайтын түсінік. Михайл Светлов.

7. Ішкі рух — өзгенің әуенін сыйлау, бірақ өзіңнің әуезіңе билеп, өзіңнің тыныштығыңды тыңдау.

8. Қандай шешім парасатты боларын білмесең – дұрыс шешім қабылда.

9. Жоғары білім – ақылдың көрсеткіші емес, қымбат сыйлық – махаббаттың белгісі емес, уәде мен сөз әрдайым ақиқат бола бермейді. Сіздің өмірлік тәжірибеңіз, айналаны жіті бақылауыңыз, жасаған істеріңіз – әр адам үшін шын мәнінде маңызды болмақ.

10. Ұшу үшін қанат жалғау шарт емес. Бастысы өмірде құлатпайтын жандардың қасыңнан табылуы.

11. Бөтен адам сені көргенде жымиып, бір сәт тілдескеннен өзін бақытты сезінетіндей өмір сүр. Ошо.

12. Адамның жан дүниесі бай болған сайын оның өзгеден күтері азая береді.

13. Сұқбаттағы ең маңызды нәрсе айтылмағанды есту. © Питер Друкер

14. Әр нәрсенің өз уақыты болады. Бүлдіру мен қайта салу мерзімі. Үндемеу мен сөйлеу уақыты. © Рэй Брэдбери

15. Әйелде ереже жоқ. Ол тек көңіл-күймен өмір сүреді.


Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Рухы күштілер – өте салмақты және сабырлы адамдар
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2017-08-31/915.html