Сенім - махаббаттың басты құпиясы


1. Әрбір жетістікке жеткен ер адамның артында әйелдің шексіз махаббаты тұрады. Әрбір жетістікке жеткен әйелдің артында еркектің сатқындығы бар.

2. Әр қателіктен мына ұлы сабақты игеруге барыңды жұмса:

әрбір батқан кеш – ерекше арайлап атар таңның бастауы...

3. Сізді сүйген азамат сізбен болудың амалын табады. Тіпті бөгде планетада тұрып, бір сәтте уақыты болмаса да.

4. Өтіріктің... жолы даңғыл....

Шындықтың... сүрлеуі тар...

Өтіріктің... тілі айыр...

Ал, ақиқат... сөзге сараң...

Өтірік... сырты сұлу сөз ғана...

алайда, құлақтан кіріп, бойды алар...

Ал, шындық... нәзік перне...

жаныңа ләззат сыйлаған!


5. Ерте ме, кеш пе... Әр адам: құшағында өзін бақытты сезінетін... жаны жай табатын, көңілі тыншитын жанға жолығады. Сол кезде: көзі қай түсті, бойы қанша екені маңызды болмай қалады. Ең бастысы: сен оның өмірінде қандай орын алатының ғана мазалайтын болады.

6. Кездейсоқ кездесу болмайды. Әр кездесу не сынақ, не жаза, не тағдыр сыйы.

7. Ер адамды Алла көркем дүние тудыру үшін, жаңалық ашу үшін, білім игеру үшін, жаңа жерді жаулау үшін жаратқан. Әйелді — сақтап, емдеп, оқып, күте білу үшін.

8. Егер бір адамды алдау қолыңнан келсе, ол оның ақымақтығынан емес, тек сен сияқты лайықсыз адамға шексіз сенгендігінен ғана мүмкін болды.

9. Көңіл-күйің түссе — күлімде!

Қайғы жаныңды жегідей жесе — бөліс!

Жүрегіңде сезім тұнса — тұншықтырма!

Қиналсаң — айқайла!

Өмірден баз кешкенде — шыда!

Қанатыңды жайғанда — ұш!

Дұшпан аярлық көрсетсе — кешір!

Есігіңді бақыт қаққанда — кіргіз!


10. Тек сүйгендерін ғана кешіреді. Сүймегендермен қоштасады.

11. Әйел сүйгенде керемет әдемі. Ал, сүйікті болғанда ғажап сұлу болады.

12. Сүйгендер қателікті ұмытқаннан емес, бір-бірін кешіре білгендіктен бірге қалады.

13. Сенім – махаббаттың басты құпиясы. Бөтен адамның сөзіне сенбе. Өз жүрегіңе сен.

14. Ер адам сүйіктісін «Күнім» деген кезде – ол жарқырайды. «Сүйіктім» дегенде – ол сүйеді. «Нәзігім» дегенде – бар нәзіктігін сыйлайды. Еркек үндемесе – әйел немқұрайлы болады. Бәрі оп-оңай... Әйел мейлінше берешек.

15. Уақыт, арақашықтық, қиындықтың болғаны қандай жақсы... Кейде солар арқылы кімнің сүйетінін, кімнің дос екенін, ал кей адамның керек те еместігін түсінесің...

16. Сүйікті жан деген ең қиын сәтте, бүкіл ғалам сенен сырт айналғанда қасыңнан табылатын адам.


Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Сенім - махаббаттың басты құпиясы
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2017-08-25/906.html