Адамды бақытты немесе бақытсыз ететін оның ойлары


1. Көп адамның басты қателігі бір адаммен ауырып, өзгесімен емделуінде.

2. Адам есейген сайын ұрысуға бейілді болмайды. Жәй ғана орнынан тұрып, қоштасып кетіп қалғысы келеді.

3. Қалаған адам уақыт табады. Қаламағанға себеп табылар.

4. Саған мейірімін төккен адамға мейірімді болу қиын ба? Қысастық қылған адамға мейірімді болу, міне ­ - нағыз мейірімділік (Үнді мәтелі).

5. Ренжіген кезде ұстамды болса, жанына батқан кезде ұрыс шығармаса, ол нағыз дана әйел (Коко Шанель).

6. Уақыт өте келе тым ұзақ күткен қоңырауда керексіз болып қалады.

7. Адамды бақытты немесе бақытсыз ететін оның ойлары. Ойыңызға иелік етсеңіз, бақытыңызға да иелік етесіз (Ницше).

8. Егер адам бір нәрсені жан жүрегімен қаласа, ол оған міндетті түрде қол жеткізеді. Тіпті айналадағы адамдар бұл мүмкін емес деп шектесе де.

9. Ер адамға жанында өзіне кәміл сенетін жанның болуы маңызды.

10. Адамдар бір сәтте өмірді оларға үйреткендей қабылдау шарт емес екенін ұғынады.

11. Бір ауыз сөз шешіміңді өзгерте алады. Бір сезім өміріңді өзгерте алады. Бір адам сені өзгерте алады.

12. Егер адам жаныңа қаяу салар іс жасаса, онда оның өзі де өте бақытсыз болғаны. Бақытты адамдар кезекте тұрып ұрсыспайды, көлікте жүргенде керілдеспейді, әріптестері туралы өсек тасымайды. Бақытты адамдар басқа кеңістікте өмір сүреді. Оларға мұның барлығы еш керек емес.

13. Арманыңыз үрейіңізді жеңгенде орындала бастайды.

14. Кейде өмірді өзгертуге бір тамшы батылдық қана жетіспейді.

15. Қол ұстасу қарапайым қылық сияқты көрінеді. Бірақ осы әрекет адам жанында төңкеріс жасайды.


Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Адамды бақытты немесе бақытсыз ететін оның ойлары
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2017-08-20/891.html