Бас ауруынан жылдам арылудың 6 тәсілі

Кейде ойда-жоқта басымыз ауырып, мазасызданатынымыз бар. Оның себептері әртүрлі болуы мүмкін: ашулану, дұрыс ұйықтамау, күйзеліс, уақытылы тамақтанбау, компьтердің алдында ұзақ отыру т.б. Ондай кездері ауыруды басатын дәрілерге (парацетамол, анальгин т.б) жүгіретініміз анық. Ал олардың басымызды қойдырғанымен, ағзамызға зиянды екені белгілі. Ендеше, бас ауыруынан ешбір дәрісіз-ақ, табиғи жолмен қалай айығуға болады?

Ең алдымен дереу таза бір стақан су ішіп алыңыз. Ал таңертең оянғанда басыңыздың ауырғанын сезінсеңіз, бір алма жеңіз.

Ал төмендегі кеңестер бас ауруынан лезде айықтырады:


1. Басқа, мойынға, құлақтың сырғалығына массаж жасау.

2. Лимон немесе бал қосылған жылы су ішу.

3. Жалбыз қосылған көк шай.

4. Зімбір (имбирь). Зімбірден дайындалған шайды күніне 3-4 рет ішсеңіз, бас ауруынан мүлде арыла аласыз.

5. Бадам (миндаль) да бас ауыруын тез басады.

6. Бір ас қасық кептірілген жалбыздың үстіне қайнаған су құйып, бетін жауып, 10 минуттан соң ішіңіз. Ащы десеңіз, бал қоссаңыз болады.


Дерккөз: http://www.jastar.kz

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Бас ауруынан жылдам арылудың 6 тәсілі
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2017-08-09/868.html