Өмірде кездесетін жұптар

Шынар Әбілдә

Өмірде кездесетін жұптар



1. Рухани жақын адамдар
Оларды сыртынан ел-жұрт ғарыш адамдары немесе жұлдызды жұп деп атайды. Олар жан дүниесімен бір-біріне серік адамдар. Бірін-бірі толықтырып тұратын жартылар. Бірақ адамдар жұп деген сөзді жақсы көреді. Жарты деген бұларға келіңкіремейді. Себебі, әр адам о бастан бүтін болып туады. Серігің – өрмекшінің өрнегіндей әлемдік торда адаспай тапқан өз жолыңда қол ұстасып қатар жүретін жан. Олар барар бағытын айқын көреді. Екеуінің бағыты бір болады. Бір нүктеге талпынған екі вектор іспетті. Олардың келешек туралы армандары бірдей. Осы арман оларды мәңгілікке біріктіреді. Ортақ ізденістері жақындастырады. Бір құстың қос қанатындай. 
 Мұндай тату отбасылар аз. Бірақ мұндай отбасы құрғандар – өмір бойы бірге болады. Олардың сырт әлпеттері ұқсамайды. Мүлде бір-біріне келмейтін болуы ықтимал. Кей психологтар оларды «дуальды жұп» дейді. Мәселен, әйелі – математик, сұңғақ бойлы, күйеуі – музыка маманы, қортық, математиканы мүлде түсінбейді. Бірақ олар шынайы бақытты бола алады. Ешқайда көшіп кетпей-ақ бір-бірін толықтырып, тату-тәтті ғұмыр кешеді. Олардың үйіне барған адам тағы барғысы келіп тұрады. Бірақ сыртынан қарап күлуі мүмкін. Қандай әр түрлі деп. 


 2. Туыстық жұптар
Дос, жолдас, туыс-бауыр, бейбіт өмірді сүйгіштер. Олардың ортақ әуестіктері болады. Психология, музыка, саяси партия – не болғаны маңызды емес. Бірге болу оларға өте қызықты. Бірақ бұл қызық келешекте қалай көрініс табатыны беймәлім. Мысалы, жігіт эзотерикамен шұғылданады. Қыз да. Екеуі үйленді делік. Бастапқы кезде бәрі жақсы болады. Бірақ кейіннен екеуінде айырмашылықтар біліне бастайды. Екеуі де үйім болса деп армандайды. Бірақ күйеуі – қаладағы кірпіш үйді қаласа, әйелі – ауылдағы ағаш үйді армандаған екен. Сондықтан екеуіне ортақ үй салу оңайға түспейді. Содан ұрыс-керіс басталады. Әрине, ұрыс басталмай тұрып, балалы-шағалы болып алады. Сосын «тұрмыс деген күйретеді» деген сыңаржақ сылтауды алға тосады. Тұрмыстың қатысы жоқ. Күйрететін дұрыс қалыптаспаған қарым-қатынас. 
 Алайда егер еркектің әйелінің, әйелінің еркектің алдында қарызы болмаса, онда тыныш өмір сыйлайтын адам келеді. Бірақ ешқашан ұша алмайтын болады. Онымен өзін құстың қос қанатындай деңгейге жете алмайды. Мұндай жұптар өмірін бірге өткізеді. Бірақ жан жүрегімен «егізінің сыңарын» іздеп, күтумен өтеді. Бірақ сырттан күтеді. Мұндай жұптар жиі кездеседі. Олардың өмірі қызықсыз. Сұп-сұр. Дегенмен, мұндай қарым-қатынасқа да қол жеткізе алмайтындар бар. 


 3. Кармасы бір жұптар
Жан жарасы бір адамдар. Айна-адамдар. Серігінің бойынан өзінің өмірлік қайғысын, ауыр мұңын, шешілмеген түйткілін, кемшілігін, ашуын толық көре алады. Бір-бірін дұшпан көреді. Жау деген адамды күнге жетелейтін жан. Оны жаман деп қайтып айтуға болады? Екеуінің санасындағы бағдарлама бір болғандықтан бір-бірін алыстан тартып тұрады. Мәселен, ер кісі әйелдерді ұнатпайды, әйел шешесін жек көреді. Екеуінің қиындығы да бірдей. Өз өмірі үшін жауапкершілікті алғысы келмейді. Екеуінің бірі жарасын жазған соң бір болудың мақсаты түгесіледі де, олар айырылысады. Бірге болудың мәні жоқ. 
 Кармасы бар жұптар өткен өмірдің қисық-қыңыр тұстарын түзеу үшін бір болады. Рух деген адамның басты ұстазы. Жол көрсетушісі. Егер өткен өміріңде емтиханнан нашар баға алсаң, онда осы өміріңде соны дұрыстауың керек. Әр еркек немесе әйел осындай мақсатпен өз теңін табады. Олардың сүйіктілерімен бақытты өмір сүру үшін осындай қиындықтарды жеңіп шығуы керек.
 Кармасы бар махаббат ең ауыр сезім. Ол жүрекке аяқ астынан дауыл кіргендей кіріп, бәрін астаң-кестең етеді. Жүректі өртейді. Жүрек жанып тұрған кезде адам қызғаныштан, қайғыдан, опасыздықтан жанын қоярға жер таппайды.Сол адаммен бірге болғыңыз келеді. Бірақ ол тек қайғы-мұң сыйлайды. Ертең бәрі басқаша болады деп өзіңді сендіресің. Бірақ бәрі қайталанады. 
 Кармасы бар жұптар «онымен де қиын, онсыз тіпті мүмкін емес» деген сөздерді көп айтады. Неліктен? Өткен өміріндегі қарызын осы жан күйзеліспен қайтарады екен. Тепе-теңдік осылай бүтінделеді. Жұп ойынға түсті делік. Сюжеті сан алуан болуы мүмкін. Кісі өлтіру, зорлық жасау, сатқындық, тағысын тағы. Осы ойын бірнеше өмірге созылып кетуі де кәдік. Саналы бір сатыға өткенде соңғы адам нүкте қояды. Бәрін реттейді. Өзара түсіністік пен кешірімді қабылдайды. 
 Ал, жұптағы екеу қатар бақытсыз болады. Қайғырады. Сосын бір-бірін кешіреді. Айырылысады. Мұндай жұптар көп. Қазіргі таңда карманы жеделдету жүруде. Бүкіл Жер жаһан жаңа түсінік деңгейіне ауысып жатыр.

Аударған Шынар Әбілдә


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Өмірде кездесетін жұптар
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2017-04-30/570.html