Бақ кімге қонады?

Бақ кімге қонады?

Бөлтірік шешен қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт:

-Ақ ата, бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық па? - дейді. 

Сонда Бөлтірік шешен:

- Қарағым, байлық – қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ – ол ұшқан құсың емес пе, бала артта қалған ізің емес пе. Бәрінен де жолдас-жораңмен, ағайын- туысыңмен, ел-жұртыңмен сіз-біз деп өмір сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың – құл, қуанышың – от! - деген екен.


Дерккөз: www.jastar.kz

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Бақ кімге қонады?
Тұрақты сілтеме: /A_kop/dastur/2018-02-09/1043.html