Құрсақтағы баланы бүлдіріп алмайық!

Ғалымдардың білдіруінше, жүктіліктің 28-аптасынан бастап іштегі баланың қабылдау қабілеті артып, тіпті анасы жеген тәттіні сезіп, қуанады бастайды. Қазақ халқы да келіннің жүктілігі кезінде ауыр зат көтергізбеу, оның көңіліне тиетін сөз  айтпау секілді мәселерді сан ғасырдан бері ұстанып келген. Бұл, әрине, іштегі баланың дұрыс жетілуін тілеуден туған ғұрыптарымыз.

Сондай-ақ аяғы ауыр кезде темекі шеккен әйелдер қылмысқа бейімдеу ұрпақ әкеледі. Себебі, темекінің уы жатырдағы сәбидің миын зақымдайды екен.

Олай болса, тәні сау, жаны  ұрпақ сүйгіміз келсе, бала тәрбиесін анасының жүктілік кезінен бастап, мықтап қолға алуға тиіспіз. Мәселен, әйел адам жүкті кезінде қасиетті Құран кәрімді көбірек тыңдаса, өзі де оны дауыстап оқыса, онда баланың жатырда жатып-ақ Құранмен танысуына жол ашылады. Дұға жасаса, іштегі сәбиімен бірге жалбарынғандай болады. Әрбір әрекетіне мұқият болып, адамшылыққа сай өмір сүрсе,  баланың да ертеңгі күні адал, әділ, иманды, талапты, жүрегі-айна, көңілі - ояу азамат боп өсуіне септігін тигізген болады. Жас нәрестенің мәңгілік қуаныш болатындай өсуіне күш жұмсаған болады.

Иә, бала-шаға – көздің шаттығы, көңілдің қуаты, жүректің азығы. Бірақ кейде ата-аналар балам қызық емес, күйік болды, туылғанда бір рет қуантып еді, енді артынан мың жылатты деп жатады. Міне, дәл осылай өзегімізді өртейтін өкінішке қалмау үшін бала тәрбиесіне туылмай жатып кірісуіміз шарт.  Баланың анасына адал жүріп, адал тұруды тапсыруымыз керек. 


Асылбек Әуезханұлы

Дерккөз: http://www.jastar.kz

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Құрсақтағы баланы бүлдіріп алмайық!
Тұрақты сілтеме: /A_kop/dastur/2017-08-22/897.html