Жүрек қан тамыры ауруларынан арылудың 3 тәсілі

Жүрек қан тамыры ауруларынан арылудың 3 тәсілі


Жүрек-қан тамыры аурулары әлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтаудың басты проблемаларының біріне айналып отыр. Ол көбіне ересек адамдарды не мүгедектікке шалдықтырады, немесе өлімге әкеліп соқтырады. Жалпы өлім-жітімнің 52 пайызын жүрек-қан тамыры аурулары құрайды. Еуропада жыл сайын осы ауру салдарынан шамамен 3 миллион адам қайтыс болса, Ресейде 1 миллион адам, ал Қазақстанда 80 мың кісі осы аурудан көз жұмады. Жүрек-қан тамыры ауруларына әкеліп соқтыратын басты себептер қандай? Басты себеп адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлмеуінен десек, сонымен қатар жағымсыз экологияның да салдары жетерлік. Әсіресе, соңғы жылдары инфаркт пен инсульттен болатын өлім тым жиілеп барады. Оның негізінде, атеросклероздан басқа, адамдардың жүйке жүйесінің шаршауы, олардың дәрменсіздікке ұшырап, депрессияға түсуі жатыр.

Бұл ауруды үй жағдайында емдеу және алдын алудың 3 тәсілін назарларыңызға ұсынамыз.


1. Алмұрттың жемісін кептіріп ұнтақтап, соның 300 грамын жарты килограмм балға араластырады. Осы қосындының бір шай қасығын күніне үш рет жеп жүрсе, жүрек ауруларының барлық түріне, сондай-ақ бауыр, көкбауыр ауруларына бірден-бір ем.


2. Анардың шырынын күнделікті ішіп жүрсе, жүрек қан тамырларының жұмысын жақсартып, асқазанның түрлі гастритіне ем. Көздің қуатын молайтып, адамның тәбетін ашады.


3. Кепкен алманы қантсыз қайнатып, үнемі сусын орнына ішіп жүрсе, қан тамырларының қабырғасына қатқан қақты ерітіп, қан жүрісін қалыпқа келтіреді. Сондай-ақ көздің болатын молайтып, тістің босағанын бекітеді. Қызылөңештің, асқазанның, ішектің ішкі кілегей қабатын жетілдіреді. Адам бойын сергітіп қуат береді. Бауырдың, қуықтың, көкбауырдың жұмысын жақсартады.

Осы кеңестерді күнделікті қолдану арқылы сіз өзіңізді инфаркт пен инсульттан сақтандыра аласыз.


Дайындаған: Сайтбеков Абдумалік

Дереккөз: www.anabol.kz


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Жүрек қан тамыры ауруларынан арылудың 3 тәсілі
Тұрақты сілтеме: /A_kop/Otbasy/2018-02-18/1060.html