Ауыздың жағымсыз иісінен қалай арылуға болады?

Адам өзінің аузынан жағымсыз иіс шығып тұрғанын білмеуі мүмкін, себебі ол сол иіске тез бейімделіп кетеді. Мұндай қиындыққа тап болғандар бұл проблеманы түрлі тіс пасталарымен, ауыз қуысына арналған спрейлердің, сағыздың көмегімен шешуге тырысады. Бұл дұрыс шешім бе? Ауыздағы жағымсыз иістен қалай арылуға болады? Оның шығу себептері қандай?

Жағымсыз иістің шығу себебінің 70 пайызы адамның ішкі ағзаларының ауруларымен байланысты болса, 30 пайызы ауыз қуысы, тіс ауруларымен (тісжегі, қызыл иектің қабынуы т.б) байланысты. Сондықтан егер аузыңыздан жағымсыз иіс байқасаңыз, ең алдымен терапевт-дәрігерге жүгінген жөн.

  Дәрігерлер жағымсыз иістің шығу себептері өте көп екендігін айтады. Солардың бастыларына тоқталсақ:

- (көбінесе әйелдерде) қалқанша безі аурулары;

- гормоналды бұзылыстар;

- жұтқыншақ, көмей, мұрын қуысы аурулары;

- өкпенің қабынуы;

- асқазанның ойық жарасы;

- бауыр жетіспеушілігі, жұмыс істемеуі немесе нашарлауы;

- өттің қабынуы;

- тоқ ішек ісігінің пайда болуы

- күйзеліске ұшырағанда

- қант диабеті ауруы кезінде ауыздан ацетон иісі шығады

- анемия (қаназдық)

- лейкоз (ақ қан) т.б.

  Ал жағымсыз иістің бар-жоғын қалай білуге болады?

  Қасықтың дөңес тұсын тілге қойып, 5-10 секунд ұстап, қасықтағы иісті байқау.

  Тіс тазалауға арналған жіптің көмегімен.

  Енді дәрігерге барғанға дейін, жағымсыз иістің нақты себебі анықталғанға дейін сіз не істей аласыз? Жағымсыз иісті болдырмау үшін не істеу керек?

1. Ауыз қуысы гигиенасын сақтау.

2. Тісті күніне кем дегенде 2 рет 2 минуттан кем емес уақыт тазалау.

3. Әрбір тамақтанғаннан соң ауыз қуысын арнайы сұйықтықтармен шаю.

4. Тіс тазалағанда міндетті түрде тілді де қоса тазалау.

5. Тісті толықтай тазалау үшін тіс жібін пайдаланған дұрыс.

  Егер стоматолог дәрігердің қабылдауында болып, тіс ауруларын жойып, гигиенаны сақтап жүрсеңіз де жағымсыз иіс шықса, терапевтке жүгініңіз. Жағымсыз иістің себебі ішкі құрылысыңызда жатыр деген сөз.


Дерккөз: http://www.jastar.kz

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Ауыздың жағымсыз иісінен қалай арылуға болады?
Тұрақты сілтеме: /A_kop/Otbasy/2017-10-25/978.html
Кейінгі: Кері қайту