Қандай әйел жақсы?

ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?


✅ 1.Таңертең төсегінен күліп оянған әйел жақсы. 

✅ 2.Еңсесін асқақ, иінін тік ұстап, иіліп сәлем беріп тұратын әйел жақсы. 

✅ 3.Жанұясына жарық сәуле шашып, жылу беріп, береке, құт болып тұратын әйел жақсы. 

✅ 4.Шашын күземей, бетін боямай, табиғи өзінің түр түсін сақтап жүрген әйел жақсы. 

✅ 5.Барға мастанбай, жоққа жасымаған әйел жақсы. 

✅ 6."Еңбек ету бақыт, адамның жауы жалқаулық,"- деп балаларын адал еңбекке баулыған әйел жақсы. 

✅ 7."Жетім жесірді, кемтар, мүгедекті келеке етпе, пейіл құлқы бұзылған адамға жолама"- деп балаларына дұрыс жол көрсетіп отырған әйел жақсы. 

✅ 8.Күйеуін аялап, әлпештеген, жан дүниесін түсініп, арқа сүйері болған әйел жақсы. 

✅ 9.Күйеуінің қабылдаған шешімдерін қолдаған және отбасының ортақ мақсаттарына жетуде қолғабыс болған әйел жақсы. 

✅ 10.Отбасының ұйытқысы болып, әдемі келбетін, әр кез жасына сай әдемі көрінісімен, әдемі қартая білген, екі елі ауызына ие болған, орынды сөйлеп, көп тыңдаған әйел жақсы.



®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Қандай әйел жақсы?
Тұрақты сілтеме: /A_kop/Otbasy/2017-10-25/977.html