Бас ауруын дәрісіз қойдырудың ең тиімді тәсілдері

Басымыз ауырса, анальгин, парацетамолға жармасамыз. Алайда олар химикат болған соң қалай десек те ағзамызға зиянын тигізбей қоймайды. Ендеше, басыңыздың ауырғанын қойдырудың ең тиімді, табиғи жолдарын біле жүріңіз:

 Ең алдымен кәдімгі қара шайға немесе көк шайға бал қосып жылыдай ішіңіз. Аз уақыт тынығыңыз. Сәлден соң басыңыздың қойғанын сезінесіз.

 Сондай-ақ, мына шайлар жақсы көмектеседі:

- бұрыш жалбызы шайы (перечная мята)

- жөке гүлі шайы (липовый цвет)

- жаужапырақ шайы (мелисса)

- гүлшетен шайы (розмарин) – бұлардың барлығын кәдімгі шай секілді демдеп, ішкен жөн.

 Шайқурай шөбі тұнбасы (зверобой)

1 ас қасық шайқурайға 1 стақан қайнаған су құйып, 5 минут баяу отта қайнатады. Сүзіп, күніне үш рет 1 стақанды үш бөліп ішеді.

 Қалақай тұнбасы (крапива)

1 ас қасық қалақайға 1 стақан қайнгаған су құйып, бетін жауып, 2 сағаттан соң күніне 3 реттен 1 ас қасықтан бал қосып ішеді.


Дерккөз: http://www.jastar.kz

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Бас ауруын дәрісіз қойдырудың ең тиімді тәсілдері
Тұрақты сілтеме: /A_kop/Otbasy/2017-09-22/941.html