Көк жуаның пайдасы мен зияны

Көк жуаның пайдасы мен зияны

Көк жуа кез келген тағамға қосымша керемет дәм береді. Оның құрамындағы пайдалы заттар мен дәрумендер жуашығына (пияздың басы) қарағанда көп. Көк жуа деп пияздың піспеген жасыл сабағын айтады. Бұл өсімдіктің емдік қасиеті халықтық медицинада кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, көк жуаны шаш өсіруде немесе бекітуде косметологияда да қолданады.

Көк жуаның құнарлылығы 100 грамда 19 килокалорияны құрайды. Оның құрамы 1,3 г ақуыздан, 0,0 г майдан және 4,6 г көмірсудан тұрады. Сонымен қатар, көк жуада А, В1, В2, В5, С дәрумендері бар. Сабақтың емдік қасиеттері калий, натрий, магний, кальций, темір, фосфор және цинктің болуына негізделген.


Көк жуаның пайдасы

– Көк жуа суық тигеннен болатын аурулардың алдын алуға, ас қорыту жүйесін жақсартуға, тәбетті көтеруге көмектесіп, қырқұлаққа (противоцинготный) қарсы күреседі. Себебі, көк жауның сабағындағы С дәрумені апельсин мен алмадағыдан да көп.

– Оның құрамында хлорофилл болғандықтан, теміртапшылықты анемия кезінде пайдалы.

– Көк жуада кальций мен фосфор бар болғандықтан, тіс жағдайын жақсартады. Тіс қанауы азайып, тіс ауруларының ұлғаюына жол бермейді.

– Сабақта цинктің мөлшері мол болғандықтан, әйел адамның репродуктивті жүйесіне, тырнаққа, шашқа және теріге жақсы әсер береді.


Көк жуаның зияны

Өсімдік жоғарыда айтылғандай пайдасына қарамастан, оны қолдануда қарсы көрсеткіштер бар. Егер асқазаныңыз бен ішектеріңіз ауырса, көк жуаны көп қолданбаған жөн. Көк жуаны көп мөлшерде жеу артериялық қысымды жоғарылатуы мүмкін. Бұл көк жуаны мүлде жемеу керек деген сөз емес, тек көп мөлшерде қолданбаңыз.


Ас үй ханшайымдарына кеңес:

– Пайдалы заттар көк жуаның ақ сабағында және одан 10 сантиметрге дейінгі бөлігінде өте көп болады. Өсімдік ағзаға жақсы әсер ету үшін оны қолданар алдында аздап тұздап және оған өсімдік майын қосқан жөн;

– Көк жуаны сатып алар алдында оның қатты әрі ақ жуашығына мән беріңіз. Сабағының қою жасыл болғаны жақсы. Көк жуаның пішіні аса үлкен түрін алмаңыз. Оның сабағының ұшы құрғақ болмауы керек;

– Тоңазытқышта бөлек контейнерде жақсы сақталады (бірақ, туралмаған күйінде). Егер оны тамырымен алсаңыз, тамырын ылғал дәкеге орап, жоғарғы жағын полиэтиленді пакетке салып қойыңыз.


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Көк жуаның пайдасы мен зияны
Тұрақты сілтеме: /A_kop/Otbasy/2017-08-24/902.html