Ақшасы көп адам бай емес, ақшаны аз жұмсайтын адам бай

Егер сіз өзіңізге сенімді түрде «бизнесмен болғым келеді» деп айта алсаңыз және әрекет жасай бастасаңыз, тағы біраз кеңестерге құлақ түріңіз. Қателік жасаудан қорықпаңыз. Көптеген жаңалықтар алдында мыңдаған қателер жіберілген, ал кейбір ашылулар есептеудегі қатенің дәл өзі болып табылады. Басқалардың сәтсіздігін қайталамаңыз, бірақ өз сәтсіздіктеріңізден қорықпаңыз, бұл болашақтағы сәттіліктің құрамдас бөлігі.

Есте сақтаңыз: тұрақтылық ұтылуға алып келеді, нарықтағы икемділік жеңіске алып келеді. Нарықты зерттеңіз, онымен бірге өзгеріңіз, оған икемделіңіз және алда шыққан мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз. Бәрінен айрылғаннан да аздап пайдадан айрылған дұрыс, себебі жақсы бизнесмен болу деген сөз әрқашан биіктен көріну деген емес.

Үнемділік әрқашан жемістілікке жетектейді. Фирманың табысы және сіздің жеке қаражатыңыз – бөлек қаржы көздері. Бар қаражатты жұмсамай, жеке шығындарыңызды азайтыңыз да, қаражатты істі дамытуға жұмсаңыз. Ақша қоры сізге қиын форс-мажорлық жағдайларда фирма ахуалын жақсы күйде ұстап қалуға және жеке ауқаттылығыңызды қамтамасыз етуге көмектеседі.

Қазіргі таңда көптеген адамдар бизнесмен болғысы келеді, бірақ шын мәнінде қалай бизнесмен болуды, оның ішінде табысты бизнесмен болуды оқып, үйрену керек. Жол шағын қадамдардан тұрады. Алғашқы қадамды жасау ең қорқыныштысы, себебі нағыз бизнесмен сабырлылық, жауапкершілік танытып, өз күшіне сенімді болуы керек.

Тағы біраз кеңестер:

  • Ең маңыздысы өз әрекеттеріңізге күмәнданбауыңыз керек. Сіз жаңа өмір бастағаныңызды түсінуіңіз керек, Сіз бизнес иесісіз және Сіздің мақсатыңыз пайда табу. Ескі жағымсыз әдеттерден арылу өте маңызды қадам болып табылады.

  • Қорқыныштардан арылу қажет (күмән, шектеу және жағымсыз тәжірибе). Осы комплекстермен қалай жұмыс жасауға болады. Өзіңіздің жаңа табысты бизнесмен роліңізді түсініп, осы оймен оянуыңыз қажет. Енді комплекстерге келсек, оларға қарсы әрекеттер бар:

  • Бірінші, қорқыныш – және қарсы әрекет махаббат, демек қорқынышыңызды жақсы көрсеңіз ол жоғалып кетеді. Сонымен қатар, санаңыздағы қорқынышты жеңу де маңызды, мысалы: Сіз санаңызда біреуді немесе бірнәрсені жоқ қылып жіберсеңіз, өмірде тек қана жаңғырту болады (әлдеқандай бағдарламалау).

  • Екінші,күмән – және қарсы қимыл өз әрекеттеріңізді бағалауды доғару, себебі сол үшін біз нәтижеге жетпей, бәрін іс барысында ауыстырып отырамыз. Осы жерде келесі алгоритм болуы керек: Жоспарлау – Бағалау – Қабылданған шешімдер – Әрекет – Нәтиже – Бағалау. Мәселе, біз өзімізді әрекет барысында бағалайтынымызда (жүзеге аса ма аспай ма), дәл осы бізді ұьтылыс пен нәтижесіздікке алып келеді.

  • Үшінші,шектеу – және қарсы әрекет бар нәрсеге тойымсыздық, яғни өз алдыңызға қандай да бір шек, кедергі қоймау. Бұл қанша қаласаңыз, сонша тілесеңіз болады деген сөз. Екеу біреуден жақсы деп ойлаңыз. Қажет, тиіс міндетті деген сөздерді тілеймін, қалаймын, әуеспін сөздеріне ауыстырыңыз. Есте сақтаңыз, бизнесменде шығындар жоқ, салымдар бар, қарыздар жоқ, міндеттер бар. Әрқашан пайда мен активтерді ұлғайтып, пассивтерді азайтуды ойластырыңыз.

  • Төртінші,жағымсыз тәжірибе – және қарсы әрекет ПОЗИТИВ, есте сақтаңыз, сізге не болса да, бәрі керемет, Барлығының жақсы жағын ойлаңыз.


Дерккөз: http://www.jastar.kz

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Ақшасы көп адам бай емес, ақшаны аз жұмсайтын адам бай
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-07-23/845.html