Бизнес бастаймын дегендер...

Қазіргі таңда жеке кәсіппен айналысқысы келетін адамдар көбеюде. Бұл өте қуантарлық жағдай. Бизнеспен айналысамын деген кісілердің ойынша тек басшылық қабілеті бар адам ғана бизнесмен бола алады деген пікір бар. Бұл пікір дұрыс, бірақ толығымен емес, себебі мұнда көптеген психологиялық факторлар есепке алынбайды, ал бізге белгілісі, адам кез келген жағдайлардың әсерінен өте қатты өзгеріп кетуі мүмкін. Қазіргі кезде кез келген адам бизнесмен бола алатындықтан, біздің бірінші кеңесіміз – бизнесмен болу туралы шешім қабылдаңыз! Егер бизнесмен болу үшін не қажет екені туралы көп ойлана берсе, орыннан қозғалмай қалуға да болады. Ең алдымен батыл қадам жасап, тіркеуден өтіңіз, бұл жолдың басы болады.

Тағы бір кеңес: бизнесті жоспарлау – сәттіліктің кепілі емес. Бүгінгі таңда бәрі бизнесті содан бастауға кеңес береді, бірақ шынайы көзбен қарағанда, болашақ даму жоспарын құру өте қиын және көп уақыт алатын іс екенін, ал мамандардың қызметтері өте қымбат тұратыны түсінесіз. Бизнесті жоспарлау жиі шығынның 10 жылдан кейінгі өтелуі, пайдасыздық, шығындар сияқты жағымсыз нәтижелерге алып келеді. Біз тек қана жақсы болашақ қызметтің жалпы бағыттары көрінентін бизнес-идеяны қолдаймыз. Бизнес жоспары сізге тек банк несиесін алатын жағдайда керек болады.

Қалай табысты бизнесмен болу керек жайында әңгімелерде жиі бастаулық капиталдың міндетті түрде болуы айтылады. Біз кері жақтан бастауға кеңес береміз. Бүгін бизнесті қаражатсыз да бастауға болады. Ақша қарызға алуға немесе несие алуға асықпаңыз. Бұларды бизнесіңіз пайда әкеле бастағанда, және оны кеңейтуге шешім қабылдағанда да істеуге болады. Осылай сіз өзіңізді айыппұлдық ықпалшарлардан және толығымен кедейленуден сақтайсыз. Дереу корпорация құрудың қажеті жоқ, кішкене, бірақ нық қадамдармен өз мақсатыңызға жылжыңыз. Танымал миллионерлер дәл осылай істеген, сондықтан да жақсы бизнесмен болуды солардан үйрену қажет.

Бәсекелестіктен қорықпаңыз! Өйткені дәл сол бәсекелестік жаңа біртума шешімдерге негіз бола отырып, тұрақты дамуға итермелейді. Өз өңіріңізде бар тауарларды ұсынатын дүкен ашқыныз келе ме? Ашыңыз, бірақ өз тұтынушыларыңызға бәсекелестеріңіз ұсына алмайтын нәрсе ұсыныңыз, сонда сіз мақсатты аудиторияны қызықтырасыз.

Жалпы жеке кәсіппен айналысамын дегендерге жақсы жағдайлар жасалып жатқанын ұмытпаңыз. Мемлекеттің көптеген бағдарламалары бар. Даму немесе кәсіпкерлікті қолдау сынды арнайы сайттарды қарап бизнесті қалай бастауға болады, қаржыны қайдан алуға болатыны жайлы құнды деректер ала аласыз. 


Дерккөз: http://www.jastar.kz

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Бизнес бастаймын дегендер...
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-07-19/842.html