Ақша бәріне жетпесе де, ақыл бәрінде жетеді

Адам атаулы әзілді жақсы көреді. Біздегі «қазақы қалжыңдар» секілді езу жымитар жылы сөздер өзге елдер мен ұлттарда да баршылық. Мұндай әзілдің арғы жағы түсінген кісіге көп ой салады. Еврейлерде өмір сүрудің өмірлік қағидаларымен қатар, ғасырлар бойы ұлт мұрасы ретінде сақталған даналық сөздерін де жинап келеді. Еврейлердің елден ерекше болуына уәжді қағидалары ықпал ететін көрінеді.


*Адамзат үшін өмірдің ақшаға келіп тірелгені соншалықты жақсы емес, бірақ оның болмағаны тіпті жаман.

*Адам – өте бақытты, өйткені оның қайын енесі болмаған.

*Егер барлық мәселе ақшамен шешілсе, ол ақшаны жәй ғана жұмсау болып саналады, ол проблемаға жатпайды.

*Кейде адамдардың құлағы ауыздағы тістен де көп сияқты көрінеді.

*Құдай жаман әйелдерді сақтайды, ал жақсы әйелдердің өзі сақтанғаны жөн.

*Жұрты жақсы білуі тиіс мәселені – ең алдымен әрбір еврей білуі керек.

*Кез келген нәрсе өте тәтті болмауы керек, өйткені оны жеп қоюға әуестер көп. Тым ащы болуға да жол бермеу керек, өйткені оны бәрібір түкіріп тастайды.

*Ешкінің алда, аттың артта жүруінен сақтаныңыз, себебі ақымақтар айналада жетіп артылады.

*Қонақ та, балық та бір. Үш күннен кейін «исі» шыға бастайды.

*Білім көп орын алмайды.

*Сақал еврейсіз болғанша, сақалды еврей болған жақсы.

*Саңырау мылқаудың «айтқанын» естиді, зағип ақсақтың «қашқанын» көреді.

*Құдай кедейді тым құрығанда ауыр күнәлардан сақтайды.

*Егер қайырымдылық жасау оңай болса, жұрттың барлығы қайраткер болып шығар еді.

*Алыстан адамның барлығы әдемі көрінеді.

*Жұмыртқа тауықтан ақылды болуы мүмкін, өйткені ол тұрып қалса тез сасиды.

*Егер әйелдер аз сөйлесе, еркектер көп нәрсе істер еді.

*Кейде әдемі сөйлегеннен тыныш тұрған артық.

*Құдай, менің тұруыма көмектес, ал құлауды өзім де білемін.

*Егер өмір жақсармаса, демек, ол одан әрі нашарлайды.

*Ең тәтті махабаттан шырынды сусын жасай алмайсың.

*Қолыңа алар түк таппасаң, үлкен шаруамен айналысуға бел бу.

*Ақша бәріне жетпесе де, ақыл бәрінде жетеді.

*Баланы қалай тәрбиелеуді баласыз өмір сүргеннің бәрі де айта алады.

*Қорқыныштан гөрі күлкіден өлген жақсы.

*Адамға тәжірибе – қателігін түзету үшін керек.

*Қариялар нашар көргенмен алысты болжай алады. 

aikyn.kz


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Ақша бәріне жетпесе де, ақыл бәрінде жетеді
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-07-03/806.html