Табысты адамдардың 8 әдеті

Табыс – қандай да бір мақсатқа жетудегі сәттілік. Кез-келген адам баласының ең үкен қалауы табысқа жету болса, ең үлкен қорқынышы – сол тапқан табысынан айрылып қалу. Әрине, табысқа жету немесе жете алмау осы өмірдегі іс-әрекетімізге қарай болмақ. Сондықтан, жетістікке жеткен адамдардың 8 әдетін өз өміріңізге ендіруге тырысыңыз. Табысты адам болғыңыз келсе, ағыспен бірге қалқып жүре бермей, түпкілікті нәтижені анықтай алыңыз.

Табиғатынан жеңімпаз

Бұндай адамдар үшін сәтсіздік деген ұғым жоқ. Сүрінген сәтті – жетістікке апаратын көпір  деп санайды. Жағдайды дер кезінде бағалап, тәжірибе жинақтайды. Уақыт өте тек күшейе түседі.

Өзін өзі өте жоғары бағалайды
Олардың өмірлік ұстанған ұрандары-«Мен бұдан да артықпын, мен өз өзімді жақсы көремін, менің мүмкіншілігім шексіз!»

Адамдарға сенім арта алады
Себебі, ол өзінің ойын баскалардың көмегі арқылы іске асырады. Тәуекелге жиі барады және онысы ақталады. Ол тек ақшаны ғана емес, болашақ істің барысын алдын-ала болжай алады.

Не істеу керек екенін анық біледі
Алдына мақсат қоя біледі және мақсатқа жету жолын тыңғылықты жоспарлайды. Өз мүмкіншіліктерін дұрыс болжау арқылы барлық уақыты мен күш-жігерін осы ойын іске асыру жолында жұмсайды.

Басқалармен тіл табыса біледі
«Басқа пәле — тілден» демекші, ол әр сөзін қоршаған ортаға, нақты жағдайға байланысты ойланып барып сөйлейді.

 Өмір ағымынан қалмауға тырысады 
Елдегі, әлемдегі болып жаткан өзгерістерді жіті бақылап отырады.

Мүмкіншіліктерді көре біледі
Ол кез-келген жұмысты сапалы жасайды және сол ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Осыны өзіне әдет қылып қалыптастырады. Үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді.

Ерте жатып, ерте тұрады
Жетістікке жеткен адамдардың басым бөлігіне тән ортақ әдет: олар теледидарды өте сирек көреді және ұйықтауға ерте жатады. Есесіне таңертең ерте тұрып, таң бозынан жұмысқа кірісіп кетеді. Олар басқалар шырт ұйқыда жатқанда, алдағы күннің жұмысын  жоспарлап қояды. Бұл әдеттер – олардың үнемі табысты болуына өз септігін тигізеді.

Дерккөз: http://jas.kz

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Табысты адамдардың 8 әдеті
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-07-01/801.html