Вайнер деген кім? Олар қалай ақша табады?

Вайнер деген кім? Вайн бейнероликтері қазақстандық ғаламтор тұтынушылардың арасында нағыз қызығушылыққа ие. Әртүрлі өмірлік жағдайлар негізінде жасалған пародия – ең танымалы. Қызықты деген жазбалар мыңдаған көрілім жинап қана қоймай, бейнероликтердің иелеріне танымалдылық пен табыс әкеледі.

thumb_180.1447177375.jpg

Вайнның авторы болу кез-келген адамның қолынан келетін  іс. Түсірілім үшін профессоналды техника мен жарық көзі талап етілмейді. Вайншылар өз бетінше түсіріп, видеожазбаны монтаждап, басқалармен бөліседі.


YUFRAME

Вайнер деген кім? Сол сұраққа “Yuframe” тобы жауап береді. Осы жобасында бес студент жұмыс жасайды. Ең жас қатысушы 18 жаста. Өздерінің алғашқы вайн жазбаларын осы жылдың  сәуірінде шығара бастады,ал қазір олардың парақшаларына 1 200 000  адам тіркелген.

4hIg1czJ-sg.jpg

“Біз видеоларды трендтің пайда болуына дейін түсіре бастадық. Инстаграмда видео функциясы болмайтын еді,сондықтан Вконтакте жүйесіне салып журдік. Кейіннен алғашқы ғаламторлық  жобаларымыз пайда болды,оған салмақтылықпен қарап,бизнеске айналдыра бастадық”, – деп “Yuframe” жобасының қатысушысы  Расул Абдулаев баяндап берді.


“Бізге айтатын: пайдасыз іспен айналысуды доғарып, оданша оқуға көңіл бөліңдер. Алайда алғашқы жарнамалық келісімшарт келіп, бізді іс-шараларға шақыра бастады.Көшеде танитындай дәрежеге жетті. Біздің нәтижемізді көргендер қол  ұштарын соза бастады.”, – деп “Yuframe” жобасының қатысушысы Расул Абдулаев бөлісті.

Вайн тақырыптары – актуалды әрі өмірдегі қызықты  жағдайлар. Видео авторлары ұсқынсыз болып көрінуден қорықпастан,танымал фильмдер мен бағдарламаларға пародия түсіре алады.Әр таңдап алынған тақырыптарына жеңіл әрі әзілмен қарайды.


JOKEASSES

Вайнер деген кім? Образға кіре отырып, авторлар парик,орамал, жасанды мұрт пен көзілідіріктерді жиі қолданады. “Jokeasses” тобының вайнерлері принципиалды тұрғыда бұл дәстүрлі атрибуттарды  436 000 тіркелушілеріне көрсетпеді.

JygToe0VCB8.jpg

“Жігіттеріміз әйел адамның ролін сомдамайды. Себебі көрермендеріміздің арасында жас балалар да бар. Балалардың ер адамның әйел болып киінуі дұрыс және жақсы нәрсе екен деп қабылдағандарын  қаламаймыз. Олай дұрыс деп ойламаймыз.Және оны жариялағымыз келмеді” – дейді “Jokeasses” тобының мүшесі  Бексұлтан Қазыбек .

“Видеоны көпшілікке арнап түсіргіміз келеді. Біз барлығымыз әртүрлі болғандықтан,әртүрлі көрермендер аудиториясын жинағымыз келеді. Алексей Воробьевтің қатысуымен видео түсіргеннен кейін, Ресей, Әзербайжан және Қырғызстаннан тіркелушілеріміз пайда бола бастады” – дейді “Jokeasses” мүшесінің бірі Бексұлтан Қазыбек.


НҰРЛАН БАТЫРОВ

Кейде роликтерде жеке вайншы болып кететін кейіпкерлер пайда болып жатады. Нұрлан Батыровтың парақшасында   494 000  шамасындай тіркелушілері бар. Оның “ессіз әйел” бейнесіндегі бейнежазбалары ерекше танымалдылыққа ие.

TuBTHiAHpAo.jpg

“Мен танымал фильмге пародия түсірдім, ал кейіпкері болса алғашқы кезден-ақ көрермендер көзайымына айналды. Біз оны “ессіз әйел” деп атадық. Ол кейіпкер әрбір қызда өмір сүретін сияқты. Тіпті ең момын деген қыздың мазасын алса, шыдамының таусылары анық . Тақырып өте актуалды,өйткені бұл шындық” –дейді  Батыров.


Әртістер де вайн толқының ұстап, түсірілімге қатыса бастады.

Вайншылардың танымалдылығы олардың парақшаларын тартымды ете түсіп,жарнамашылардың көңілін өздеріне аударады. Вайншылардың парақшаларына түсу-әркімнің қызығушылығына айналған. Себебі,бір күн ішінде олардың парақшаларына он мыңдаған көрермендер көз тастайды.

“Бұл табыс көрудің амалы емес, бұл ерекше болу дың мақсаты. Бізде баға тым жоғары,басты себебі-парақшаны қоқыстамау.Өйткені тапсырыстар өте көп. Мен пайдалы бола алатынын ғана таңдаймын. Кейде адамдар бағасын білу мақсатында жазады,ал администратор болса қалжыңдап 1 миллион теңге деп жауап қайтарады ” –дейді  вайншы.

maxresdefault-1.jpg

Батыровтың мойындауы бойынша, расымен де, оның парақшасында жарнаманы жариялау  500 доллардан бастау алады екен. Кейде вайншылар қосымша бонус ретінде смартфон, фитнес клубтарға абонемент және сәнді электробордтар алады екен.

Вайнды түсіру – авторларға жарқын  жол ашқан. Нұрлан Батыровты музыкалды каналдардан көрсетеді. Ал жақын  уақытта ол қазақстандық арналардың бірінде жүргізуші ретінде шығады.”Yuframe” және  “Jokeasses” жобалары өздерінің туындыларын You Tube желісінде жарияламақ ойлары бар.


Дерккөз: Табыскер www.tabysker.kz

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Вайнер деген кім? Олар қалай ақша табады?
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-06-15/768.html