Бизнес жоспар : Өз білімін интернет арқылы сату

6 БИЗНЕС ЖОСПАР

Осы салаларда бизнес жасайтын достарымды негіз ете отырып, төменде келтірілген ойларды өзім жеке тексеріп немесе сипаттап бердім. Сізге тек қана көңіліңізге жақын бизнесті таңдап,соған көңіл бөлгеніңіз жөн. 6 бизнес жоспар:

photodune-4187216-idea-m-1024x580.jpg

БИЗНЕС ЖОСПАР 1. БАЙЛАНЫС МАРКЕТИНГІ КОМПАНИЯСЫМЕН СЕРІКТЕСТІК

Көп жағдайда хабары жоқ адамдар бұл жөнінде теріс ой салып,пирамида немесе өтірік деп ойлауы мүмкін. Оның олай емес екеніне көз жеткіздіргім келеді.

Байланыс маркетингін классикалық бизнес алдында талдайық:

Минималды салым: 10 мен 100 доллар аралығында

Бизнести бастауда негізгі тәжірибеге қол жеткізу:

Келіссөз жүргізуді үйрену;

Өз ісіңізді жобалау;

Топты басқару;

Тауар айналымын бақылау;

Кіріс есебі және т.б.

Сіздің күнделікті қызметіңізге тәуелді болмайтын кіріс тудыруыңызға мүмкіндігіңіз бар.Бұл жерде сіз істелген жұмысыңыздың ақысын ала аласыз.

Analiz_riska.jpg

Байланыс маркетингі саласында айына бірнеше мыңдаған доллар табыс көретін адамдармен жеке таныспын .Оның үстіне олар метродағы кыздар ұқсап ауыр сөмкелер мен каталогтарды тасып әуре болмайды .Ашық әрі қарым-қатынасқа оңай түсетін адамдарға салымсыз пайда көру үшін сай келетін тәсіл.

Бұл бизнес-жобаны мысал түрінде талдайық.

Сіз кішігірім компьютер жасайтын  компанияда сауда бөлімінде жұмыс жасайсыз делік.Сізде орындау мен қайта орындау жобасы  үшін премия мен қаржы бар.

Әлбетте,сіздің басшыңыз көп компьютерлік техниканы сатқаныңыз үшін қызығушылык танытады.Бұл жағдайда сізге сауданы көтеру үшін тәсіл ойлап табуыңыз қажет.

Мүмкін,ол үшін сізге фирмаңызда филиал немесе өзге қала мен аудандарда филиал ашып,іс сапарларға шығуыңыз керек болар.

Бастығыңызга жазбаша түрде ұсыныс дайындаңыз(бизнес бастаушыға),сіздің алғашқы қадамыңызға қуанары сөзсіз.Егер ол толығымен бағаланса,сіз өз қызметіңізді орындап қана қоймай,сол компания серіктестігінің басшысы болуыңыз ықтимал.

Мұндай жоба өз практикалық жұмысында ұсынысқа ие болған .

1367077649_creditworthiness_of_the_borrower.jpg

Дәл осы тәсіл арқылы Қайрат деген досымның екі бірдей қызметкерлері бизнес-серіктеске айналған.

Бір қызметкері жалдамалы директор,екіншісі юрист болған еді.Осы екі жігіт мойындарына әр саладағы бизнесті алып,фирмадағы серіктестікті басқарушы болып көтеріліп алды.Есімі Николай болатын.


БИЗНЕС ЖОСПАР 2 ӨЗ БІЛІМІН ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ САТУ

«Білімнің басы —бейнет !» деген сөз бар.Әсіресе,білімнің нәтижесі бар болса.

Бір нәрсе қолыңыздан жақсы келе ме: ән айту, сурет салу, программалау, суретке түсіру? Сіз сияқты жасай алғысы келетін мыңдаған адамдар бар.

Олардың бар мәселелері, істің қалай бастайтынын білмейтіндіктерінде. Оларға ақшаға қалай істейтінің айтып беріңіз. Жұмыс барысындағы тәжірибеңізбен бөлісіп көріңіз.

Жоғарыда айтып өткенімдей,сіз істей алатын ісіңіз жөнінде кеңес беріп қана қоймай, ақылы ақпаратты тауар жасауыңызға болады.

online_fl-1.jpg

Ағылшын тілінен сабақ беретін Ербол атты оқытушым скайп арқылы адамдарды ағылшын мен неміс тіліне үйретіп жүргеніне бір жылдан асты.

Бірнеше ай бұрын ол шет тілін бір жылда үйреніп шығу үшін авторлық тәсілін жазуға бел буды.Ақпараттық тауар түрінде жасап,ғаламторда сата бастады.

Енді Ербол оның қатысуынсыз ғаламтор арқылы табыс көре алатын мүмкіндікке ие болды.

Бұл бизнестің байланыстағы бастапқы формасы


БИЗНЕС ЖОСПАР 3. БИЗНЕСТІҢ ҒАЛАМТОРДА ҚҰРЫЛУЫ

Әлемдік торда өз бизнесіңізді орналастырғыңыз келсе оңай емес  жолмен жүруіңізге тура келеді. Бырақ бұл іс бұған тұрарлық.

Бұл бизнес-жоба белгілі бір орын тебусіз табыс көргісі келетін адамдарға арналмақ.

Демек сіз өз бизнес-жоспарыңызбен ғаламтор және компьютер бар жерде әлемнің кез-келген бұрышынан басқара аласыз.

7d0d25bfcaa1421c2931a4f0387462aa_XL-600x448.jpg

Интернет технологияларды айыра келе,сіз сайттарды тапсырыс жасап,өз web –студиоңызды аша аласыз.Жұмыс істеу үшін офистың болуы шарт емес.

Мысалы,мен қазыр Турциядағы Кемер қаласында ғаламтор бизнесімен айналысамын.

Сіздерге айтарым,бұл керемет!Себебі,кез-келген уақытта теңіз жағалауына шығып,достарыммен кездесіп демала аламын.Менің басшыларым  жоқ,тек серіктестерім ғана.

Егер сіз ғаламторда толық ақпаратты бизнес ашуда күшіңізді сезсеңіз,өзіңіздің жобаңызға ыңтаңызды салғаныңыз жөн.Себебі,сіздің қолыңыздан келері анық.

Жоғарыда мен пассивті кіріс жайлы сөз еттім.Сонымен,достар.Өз сайтыңыз-табыс көзіңе айналатын ошақ болмақ.


БИЗНЕС ЖОСПАР 4. ЭЛЕКТРОНДЫ ТАҚТА ЖАРНАМАСЫ АРҚЫЛЫ ЗАТТАРДЫ ҚАЙТА САТУ.

Ең қарапайым бизнес бастамасы-қарапайым сауда немесе бір сөзбен айтқанда-спекуляция.Сіз арзан бағаға сатып алып,қымбатқа қайта сатасыз.

Мақаламызда салымсыз немесе аз салым  түрінде  бизнес құру  жайлы айтып өттік,бырақ біз сіздермен дүкен ашып,қомақты тауар сатып алып,заңды тұрғыда тіркелгелі жатқан жоқпыз.

Менің сіздерге ұсынарым басқа.

Алдымен жаттығып,үйіңіздегі керексіз заттарды сатып көріңіз.Мейлі ескі ноутбук,велосипед,шкаф немесе ойыншықтар болсын.

Үйіңізге жай ғана тексеріс жүргізіп,балкон  мен гаражға көз салсаңыз,керексіз заттарды табуыңыз сөзсіз(біреулерге өте қажет болуы анық),бірнеше мыңдаған рубльге керек емес заттарды тауып аласыз.

Өзім жеке үйіме тексеріс жасау барысында 50 000 тенге көлемінде қажетсіз жабдықтарды анықтадым.Бұл астыртын қарағанның өзінде.

internet-sales-tax-showdown.jpg

Ендігі қадам,осы қажетсіз заттарыңызды суретке түсіріп,ғаламтор арқылы жарнамаға беріңіз.Бастамасы үшін  танымал «Olx» (olx.kz) электронды тақтасы жарайды.

Сізге тек сатып алушылардың қоңырауларын күту ғана қалады.Егер осының барлығы оңай әрі қарапайым екеніне көз жеткізгіңіз келсе,менің мақаламды зерттегеніңіз абзал.

Бырақ бір ғана  Olx сайтымен шектелмеу керек.Әр қаланың жарнамалары орын тебетін жергілікті жарнама сайттары болады.Қалауыңыз бойынша тіпті жергілікті «Из рук в руки»  сияқты газеттерге жарнама беруіңізге болады.

Бұл тіпті саудаңызды тездетеді.

Алдағы уақытта,осындай тәсілмен табыс көруде тәжірибеңіз жинақталған кезде,осы істеріңізді қайталаңыз,сонымен қатар тауар әкелушілерді іздей бастаңыз және сол тауарларды Olx сияқты сайттарда сатыңыз.

Осы тәсіл арқылы жергілікті халықтардың табысынан кем түспейтін табысқа тіпті алғашқы айларда қол жеткізетіңізге кепіл беремін.


БИЗНЕС ЖОСПАР 5.  «БІР САҒАТТЫҚ КҮЙЕУ» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІ.

«Бір сағаттық күйеу» бизнес  ойы айтарлықтай жаңалық емес.Себебі, жылдан жылға актуалды болуда.Жалғыздық күйін кешіп жүрген талай әйелдер  мен қолы босамайтын адамдар  арасында осы қызмет  түрі кең етек жаюда.

 «Бір сағаттық күйеу» – әдетте ер адам үйде орындайтын ұсақ-түйек үй шаруасын орындау деген сөз тіркесімен әйгілі.

Егер сіз сантехникалық,электрлік қызмет көрсету саласында хабарыңыз бар болса,және есік құлыпын ауыстыру,шеге қағуды білсеңіз,сіздің дұрыс жарнамаңыздың арқасында көптеген тұтынушылардан толастамайтын боласыз.

Fotolia_28793412_Subscription_L.jpg

Егер сіздің «қолыңыздан» өте жақсы келсе,неге ақшаға қызмет көрсетпеске?

Менің Махамбет атты танысым бар.Ол Ставропольде «Бір сағаттық күйеу» қызмет көрсету орталығын ашты.3 жыл ішінде қол астына көптеген қызметкерлерді алып,өз командасын аша  отырып,солардан проценттік тұрғыда пайда көруде.

Сол баяғы Olx сайтына жарнама беріңіз.Жергілікті аудандарға жарнама іліп,қызмет түрін таныстырыңыз.

Көңілі толған быраз тұтынушыңыз пайда болғаннан кейін,олардың ұсыныстары бойынша басқа да тұтынушылар келе бастайды

Тақырып бойынша кеңестер:

Өзіңізге визитка жасап, тұтынушыларыңызға таратыңыз.Тұтынушыларыңызға келесі қызмет көрсетілу түрі  10%-ға  арзандай түсетінін нұсқаңыз.

Бұл сізге тұрақты тұтынушыларды тудырады.

Егер сіз өз жұмысыңызды дұрыс ұйымдастырып,тұтынушылармен жақсы қарым-қатынаста болып,міндетіңізді мінсіз орындасаңыз,алдағы уақытта көп тапсырысқа ие болып,көмекші жалдайтындай жағдайға жетуіңіз мүмкін. Менің Махамбет атты досымның «Бір сағаттық күйеу»  қызметін дәл сондай жағдай болған. Осы тәсіл бойынша сіз өз бизнесіңізді салымсыз немесе аздаған қаржы(жарнама мен құрылғыларға) арқылы ашуыңызға болады.Қызмет көрсетуде өз көлігіңіздің болғаны жақсы,алайда міндеті шарт емес. Егер қолыңыздан келетін болса,байқап көріңіз


БИЗНЕС ЖОСПАР 6. ЖЕКЕ ҚЫЗМЕТІҢІЗДІ КӨРСЕТУДЕ ҮЙ БИЗНЕСІҢІЗ.

Соңғы бизнес-жоспарымыз анық бір қызмет көрсету саласына жатпайды. Яғни, қолыңыздан келетін іс арқылы үйде отырып-ақ табыс көруіңізге болады.

Мысалы, үйіңіздің маңында қорасы бар ер адам болсаңыз, көліктерді жөндейтін кішігірім «үй» автоқызметіңізді ашып алсаңыз болады

Егер сіз йогамен қызығатын,шаштаразға оқып алған,немесе маникюр жасай алатын қабілетіңіз бар болса,осының өзінде табыс көре аласыз.

9d62dd8366cedfeb55844610930da16d.jpg

Қарлығаш деген танысым қолбұйымдарын жасаумен шұғылданып,үйінде жасау жасап сата бастады,кейіннен балаларды өнерге баулитын творчествалық студиосын ашып алды.

Қарлығаштың тұтынушылары көбейіп, қазыр ірі компанияларға қол бұйымдарын жасап, мерекелерде сатады. Өз сүйікті ісімен айналыса отырып, табыс көреді

Есіңізге түсіріп көріңізші,мүмкін таныстарыңыздың арасында әртүрлі салаларда қызмет көрсете алатын,үйде отырып бизнеспен шұғылданатын достарыңыз бар болар?

Сол адаммен сөйлесіп,тәжірибе алмасып көріңіз.Алдағы уақытта сізден де сәтті кәсіпкер шығатынына сенімдімін.


ҚОРЫТЫНДЫ

Құрметті тыңдарман, менің мақаламдағы тәсілдер сізге өз бизнесіңізді ашуда көмегі тиеді деп үміттенемін. Егер сіз кәсіпкерлікке жаңадан қадам бассаңыз, бизнес-жоспарларды қарастырып, бизнес-журнал парақшаларына кіріп көріңіз.

Бүгін біз бастаушы кәсіпкерлер үшін маңызды тақырыптарды ашып талдадық.

Шешімге келуден қашпай, қателіктер жасаудан қорықпаңыз.

biznes-riski.jpg


Дерккөз: Табыскер www.tabysker.kz

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Бизнес жоспар : Өз білімін интернет арқылы сату
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-06-09/751.html