Өз өміріңді сүр! Басқаларға қарама!


Бір оқырманымыз өз басынан өткен оқиғаны баяндап беріп, саруайымға салынбау жөнінде ақыл-кеңес сұраған болатын. Бұл әр адамға таныс сезім екенін ескере келе, біз оқырмандарымыздың ең үздік жауаптарымен бөлісуді жөн деп таптық.

Менің таныстарымның көбісі оқудан кейін мансап жолын қуып кетті. Жасым 26-ға келсе де, мен өзімді қу тіземді құшақтап қалғандай сезіне бастадым. Өз орнымды таба алмай жүргендеймін. Қазіргі таңда кішігірім компанияда жұмыс істеп жүрмін, алайда айналысып жүрген ісім көңілімнен шығады деп айта алмаймын.

Өзіммен жастас жандардың әлеуметтік желілердегі парақшаларын қарағанда, шыны керек, қызығамын. Олардың амбициялары менікіне қарағанда әлдеқайда жоғары екенін түсінемін. Соңғы кездері өз-өзімді бейшара деп санай бастадым. Менің көңілім әрдайым өзгені, өнерді, саяхатты,жаңа танысуларды қалайтын.

Бірақ, мансапқа келгенде, мен өзімді өзгелермен салыстыра алмаймын. Менің замандастарым менен оқ бойы оза тұр. Бұны мойындау мен үшін өте қиын, бұл сезім мені іштей жеп, қынжылтып барады. Қалай тойтарыс берсем болады?


СІЗГЕ ҰНАЙТЫН ІСКЕ УАҚЫТ ЖҰМСАУДАН ҚОРЫҚПАҢЫЗ

Бақытсыз күйге енудің ең сенімді тәсілі  — өзіңді өзгемен тұрақты салыстыру. Өзіңіз айтқандай, сіздің қалауыңыз өнер, саяхат және қызықты жаңа танысулар. Сіз кімді және нені күтіп тұрсыз? Бастаңыз! Сіз бар болғаны 26 жастасыз. Егер мүмкіндік болса, әлем бойынша саяхатқа шығыңыз. Немесе альпинизммен айналысыңыз. Болмаса, еріктілер қатарына жазылыңыз. Әрі кетсе, шет тілін меңгеруді қолға алыңыз.

fotokonkusr_trevel-1024x681.jpg

Өзіңізге ғана өміріңіздің бір жылын арнаудан қорықпаңыз.Сіз өміріңіздің белгілі бір уақытын өзіңізге ғана арнап, жұмыстан қол үзсеңіз, кейін жұмысқа орналаса адмаймын деп қорықпаңыз. Бұл миф!

Сіз үшін бақытты адам деген кім, осы жайлы ойланып көріңіз. Көп ақшасы және кәсіби жетістіктерге қол жеткізген адам ба? Немесе бай өмірлік тәжірибесі  бар, жақын адамдары қасында жүрген жан ба?

Осы сұраққа жауап бергеннен кейін сіз өзіңізге қымбат заттарды тұсініп, басымдылық қоя аласыз. Сәттілік тілеймін!


БІЗ ӨЗ ОЙЫМЫЗДЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ ЕМЕС,  ҚОЖАСЫ БОЛУЫМЫЗ КЕРЕК.

Менің ойымша, барлығы әдетке байланысты. Зиянды әдеттер — бұл  темекі немесе алкогольді шамадан тыс қолдануғана емес, сонымен қатар, зиянды әдетке бізді жегідей жеп бітіретін ойлар да айналуы мүмкін.

Егер біз жағымсыз нәрсені ойлауға үйренген болсақ, егер біз әр істің жаман жақтары мен шикілігін  іздей берсек, онда ойлау қабілетінің бұл түрі тұйық шеңбер жеп аталады.  Ол, сайып келгенде,  ауыр психикалық ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін.

trabalho10.jpg

Жақсы жаңалық мынада жатыр, біз өз ойымызды өзгерте аламыз. Бірінші қадам — бұл, әрине, түсіну және мойындау. Кейде ауыр жағдайдағы науқастар кездеседі. Олардың жаман ойларға беріліп кеткені сонша, кәсіби маманның көмегінсіз бірдене деу өте қиын. Бірақ ,көп жағдайда адамдар өз ойын дұрыс арнаға бағыттауға қабілетті.

Біз өз ойымыздың  құрбаны болуға тиіс емеспіз. Керісінше, біз ол ойдың иесіміз.

Есіңізде болсын, әрқашан әр істің жағымды жағын табуға болады. Тек сіздің күшіңіз ойыңызды өзгертуге, негативті жеңуге  жеткілікті болсын.


ЕСТЕ САҚТА,ӘРКІМНІҢ ӨЗ ӨМІРІ БАР!

Сіздің оқиғаныңызды оқи отыра, күйзелісіңіздің нәтижесі  өзіңізді  және қоршаған әлемді қабылдауыңыз екенін болжауға болады. Өз қабылдауыңызды өзгертіңіз.  Шынайы мүдделеріңізді ұстануға тырысыңыз .

hobby-lookfor-2.jpg

Иә, әрине, әрбір адам мансап жолында  жоғарылағысы , жеке үй сатып алғысы , автомобиль және ойына келген көптеген затты алғысы, қол жеткізгісі келеді. Бірақ, адамдар меншікті коллекция экспонаты емес екенін ұмытпауымыз қажет.  Біз тірі жанбыз, бүгін бар, ертен жоқпыз. Уақыт барда өз қалауына қол жеткізіп, өзіңіз қалаған жолмен өмір сүруге тырысыңыз.

Кейде біз өз қолымызды өзіміз матап тасатаймыз. 10 жылға ипотека алып, өзімізді соның құлы ретінде елестетеміз. Неге? Неге біз әрдайым өзіміз қалаған затпен айналыспайыз? Өзіміз қалаған оқу орнына емес, ата- анамыз қалаған жерге түсеміз. Ақыр соңында жұмысымыз бізге ақшадан басқа ештеңе әкелмейді.

Біз  басқа  адамдарға, олардың табысына қызығамыз.Қызығу қызғанышқа ұласып, өзімізді қажып бітіреміз. Бірақ біз бір затты ұмытып барамыз, тіпті ең бақытты, байқуатты  адамдардың  да  құлдырайтын уақыттары болып тұрады. Олар да жоғалтады,қынжылады, сәтсіздікке ұрынады. Бұл-өмір.

Сайып келгенде, әрқайсысының өз жолы бар. Және тек сіз өз жолыңызды таңдай аласыз.


БӘРІ СІЗ ОЙЛАҒАНДАЙ ҚИЫН ЕМЕС

Бәрі сіз ойлағандай қиын емес:  Инстаграмнан шығыңыз, жұмыс орнын өзгертіңіз және өзіңізді өзгелерен салыстыруды қойыңыз.

e789-1024x640.jpg

БАСШЫЛЫҚҚА АЛ:

Менде де  созылмалы депрессия болған. Қалыпты өмірге оралуға маған төмендегі жайттар көмектесті:

Өзіңіздің осы әлемнің бір бөлігі екеніңізді сезініңіз. Табыс көзін табыңыз. Бұл жолдың оңай және жеңіл емес екенін түсініңіз. Алда көптеген сәтсіздіктер мен сынақтар бар, дайын болыңыз. Кейде сіз тітіркеніп, я болмаса ашу-ызаға булығуыңыз мүмкін. Және бұл жаман емес. Бұл – сіздің де ет пен сүйектен жаралған тірі адам екеніңіздің айғағы.

Физикалық жаттығулар. Қажетсіз ойлардан арылуға осы жаттығулар көмектеседі, әсіресе кардиожаттығулар.

Өз денсаулығыңызды күтіңіз. Кейде психикалық проблемалар тек физикалық қажудың салдарынан туып жатады. Сіздің денсаулығыңыз қалыпты жағдайда тұрғанына көз жеткізіңіз. Мысалы, маған қант мөшерін шектеп, D дәруменін қабылдай бастауға тура келді.

Сізді қиындыққа көметін адамдармен араласуды қысқартыңыз. Қазір сіз өз қиындықтарыңызбен арпалысып жүрсіз, және өзгенікіне бас ауыртудың қажеті жоқ.

Үйде отырып қалмаңыз. Жаңа адамдармен байланыс оррнатуға тырысыңыз.

* Сіз әлеуметтік желілерде оқитын көптеген адамдар шын мәнінде өз жұмысын жек көреді.

Сіз бар болғаны26 жастаңыз, сондықтан «мансап жолында бағым жанбады» деп айтуға әлі тым ерте.

* Өзіңізді тығырыққа тіремеңіз. Есіңізде болсын, сіз кез келген сәтте жұмыс орнын ауыстыра аласыз. Сіз ешкімге ештеңе міндетті емес.

* Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріне жоқ дегенде бір ай кірмеңіз. Басқа адамдардың өміріне мүлдем аландап жүрмегеніңізді байқағанда, қатты таң қаласыз.

* Есіңізде болсын, ең үздік ем — бұл қоршаған ортаны ауыстыру. Саяхатқа шығыңыз немесе үй жөндеуге кірісіңіз.

retro_do.jpeg

Және, ақыр соңында…

Сіз әлеуметтік желі беттерінде қызығып қарап жүрген адамдар, шынтуайтында, өз жұмысынан ақшадан басқа ештеңе алмайды. Оларға да жұмыс еш ләззәт сыйламайды.


Дерккөз: www.tabysker.kz

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Өз өміріңді сүр! Басқаларға қарама!
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-05-28/725.html