Еліміздегі 700-ден астам колледжде кәсіби-техникалық білім тегін оқытылады

Биыл 1 қыркүйектен бастап елімізде кәсіптік-техникалық білім тегін болады. 

Яғни 9 сынып бітірген кез келген оқушы мамандық таңдап, оқуын кәсіби білім беретін колледжде жалғастыра алады. Бұл студенттерге мемлекет тарапынан шәкіртақы төленіп, жатын орын және жол ақымен де қамтамасыз етіледі. 

Қазір елімізде техника тетігін білетін құрылыс пен инженер мамандары ауадай қажет. Қызмет көрсету саласында да сұраныс жоғары. Білсем, үйренсем, деген жастың бірі – Арман. Ол 9 сыныпты бітіре салып, аспазшы мамандығын меңгеру үшін Туризим және қонақжай индустриясы колледжіне оқуға түседі. Содан бері 100-ге жуық дәмді тағам әзірлеуді үйреніп, аспазшылар байқауларында жеңімпаз атанған. 

Арман Жұматов, Туризм және қонақжай индустриясы колледжінің 4 курс студенті: 

- Өзіне жасаған заты ұнамаса, менің ойымша ештеме қолынан келмейді-ау деймін. Шын айтсам бұл іс өзіме өте қатты ұнайды. Келісімшартта отырмыз. 4 курс бітіргеннен кейін ресторанға барып, жұмысқа кіруге өте оңай болады. 

Биыл кәсіби-техникалық білімді тегін беру бағдарламасы бойынша 106 мың адамды оқыту жоспарланып отыр. Жұмыссыз жүрген жандар 6 айлық арнайы курстарға қытыса алады. 

Ернат Жүнісов, Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары: 

- Биылғы жылы 26 мыңға тарта жұмыссыз жүрген жастар мен өзін өзі жұмыспен қамтыған жастарды қайта оқыту курстарын жүргізетін боламыз. Жалпы техникалық және кәсіптік оқыту ол жұмысшы мамандықтары бойынша оқу мерзімі 2 жыл 10 ай болмақ. Бұл бағыт бойынша біз 87 мың адам биыл қамтуды көздеп отырмыз. 

Сонымен биылдан бастап еліміздегі 700-ден астам колледжде кәсіби-техникалық білім тегін оқытылады. Жекеменшік колледждер тиісті талаптар арқылы таңдалады. Тегін оқуға техникалық, технологиялық, ауылшаруашылық және қызмет көрсету саласы бойынша 160 мамандық жатады. Ал білім, өнер, экономика, заң және медициналық мамандықтарға оқуға түсу байқау арқылы өткізіледі. 

Авторлары: Алмас Садуақас, Сержан Жұмабаев

Дерккөз: Www.24.Kz


Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/178828-kolledzhde-k-sibi-tekhnikaly-bilim-tegin-o-ytylady

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz


®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Еліміздегі 700-ден астам колледжде кәсіби-техникалық білім тегін оқытылады
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-05-25/719.html